Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 50 Жарлығы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, кол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларына Премьер-Министр қағаздағы және электрондық түріне виза қояды.

      Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінің жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Әділет министрлігі), бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен келісім жасау – келісу парағында жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік органдар енгізетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінің жобаларына, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы виза қоятын судьяларды қызметке тағайындау және қызметтен босату мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын қоспағанда, әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы және қажет болған кезде Премьер-Министр қағаздағы және электрондық түріне виза қояды.

      Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінің жобаларын Әділет министрлігінің, бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен келісім жасау – келісу парағында жүзеге асырылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасының стратегияларын, Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, тұжырымдамалар мен доктриналарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне келіп түскен күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.";

      19-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын :

      "19. Егер Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінің жобасында жұмыс барысында жойылатын кемшіліктер анықталған немесе ол бойынша қарсылықтар болған жағдайда, онда Президент Әкімшілігі Басшысының, оның тиісті орынбасарының немесе Президент көмекшісінің шешімі бойынша жоба барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Президент Әкімшілігінде пысықталуы мүмкін.

      Бұл ретте кемшіліктерді немесе қарсылықтарды жою және акт жобасын Президент Әкімшілігінде қайтадан келісу, егер Президент Әкімшілігінің Басшысы, оның тиісті орынбасары немесе Президент көмекшісі өзге мерзім белгілемесе, бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президенті актісінің жобасы пысықталғаннан кейін Премьер-Министрдің ілеспе хатымен не Үкіметтің құрылымына кірмейтін әзірлеуші мемлекеттік органның хатымен, егер өзге мерзімдер белгіленбесе, он жұмыс күні ішінде Президент Әкімшілігіне қайтадан енгізіледі.";

      26-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген іс-шаралардың қорытындылары бойынша түзілетін құжаттарға осы Қағидалардың 1-4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру жөніндегі бақылауды бекіту және 1-6-қосымшасына сәйкес "Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс" деген мөртабанмен бекітілген Президент Әкімшілігіндегі электрондық келісу парағының қағаздағы көшірмесі қоса беріледі.";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісіледі. Бұл ретте Үкіметтің құзыретін қозғайтын тапсырмалардың жобалары – Премьер-Министрмен, ал қаржыландыруды талап ететін актілердің жобалары бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

      30. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін алдағы болатын іс-шаралар шеңберінде Президент Әкімшілігіне тапсырмалар жобаларына ұсыныстарды жұмыс тәртібінде немесе Президент Әкімшілігі Басшысының, оның тиісті орынбасарының, Президент көмекшісінің шешімі бойынша тапсырмалардың жобаларын Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен өтетін іс-шаралар өткізілгенге дейін кемінде он жұмыс күнінен бұрын ұсынуды қамтамасыз етеді:

      1) жергілікті атқарушы органдар – өңірлік сапарлар бойынша;

      2) орталық мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін қоғамдық маңызы бар іс-шаралар, жұмыс кеңестері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырыстары, Қазақстан Республикасының Президенті басқаратын консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың отырыстары бойынша.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен іс-шарадан (халықаралық іс-шаралардан басқа) кейін (жұмыс сапары аяқталған күннен бастап) үш жұмыс күні ішінде тапсырмалар жобасын әзірлейді немесе Президент Әкімшілігіне бұрын енгізілген тапсырмалар жобасын жаңалайды.

      Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының әзірленген жобасын белгіленген тәртіппен келісуді және оны Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен өткізілген іс-шарадан кейін бес жұмыс күні ішінде қағаздағы және электрондық түрінде Президент Әкімшілігіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Халықаралық іс-шаралар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобаларын дайындау мен келісудің ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      34. Президент Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобасын қарауды және келісуді, келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, оның ішінде осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкестігі, оның ел дамуының стартегиялық жоспарында және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарында айқындалған ел дамуының түйінді индикаторларына қол жеткізуді орындауға ықпал етуі, сондай-ақ Президенттің бұрын берген тапсырмаларына қосарлануын болдырмау тұрғысынан қамтамасыз етеді.

      Тапсырмалардың жобасын жауапты және мүдделі құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік жасайтын Президент Әкімшілігінің орынбасарларымен, Президент көмекшілерімен және Президент Кеңсесі бастығымен, жауапты және мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, Мемлекеттік-құқықтық бөлімімен және Жалпы бөліммен келісу электрондық түрде жүзеге асырылады.

      Тапсырмалардың жобасы Президент Әкімшілігінің Басшысына виза қоюға және Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға қағаздағы және электрондық түрінде енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 36-2-тармақпен толықтырылсын:

      "36-2. Президент Әкімшілігінде бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларының орындалуын бақылауды бекіту негізінде Премьер-Министрдің Кеңсесі бақылауды бекітуді дайындап, оны орындаушыларға: өңірлік сапарлар және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар қорытындысы бойынша – Үкіметтің құрылымына кіретін мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және ұйымдарға, халықаралық іс-шаралар қорытындысы бойынша – барлық мемлекеттік органдарға және орындаушы ұйымдарға жібереді.";

      38-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуы туралы ақпаратты ұсынудың мерзімдерін бұзған лауазымды адамдарға қатысты тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселе қаралады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында көрсетілген мерзімде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бойынша Президентінің актісін немесе тапсырмасын іске асыру бақылауды бекітуде көрсетілген мерзімдерде қамтамасыз етіледі.

      "Бақылауға алынды" деген мөртабаны бар тапсырмаларда мерзім белгіленбеген жағдайда, онда олар Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігінің атына ақпарат енгізіліп, бір ай мерзімде орындалады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар жартыжылдықта бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалардың орындалуы туралы жиынтық есептік ақпаратты енгізеді. Халықаралық іс-шаралар бойынша есептік ақпарат Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіпте ұсынылады.

      Есептік кезінде орындалу мерзімдері бар тапсырмалар бойынша ақпарат есепке қосылады. Орындалу мерзімі бір жыл және одан асатын тапсырмалар бойынша аралық ақпарат ұсынылады.

      Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша орындалу мерзімі жарты жылдан аспайтын тапсырмалар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Президент Әкімшілігіне тапсырмалардың барлық тармақтары орындалғаннан кейін жиынтық есептік ақпаратты енгізеді.

      Қажет болған кезде ақпарат Президент Әкімшілігінің қосымша сұратуына сәйкес белгіленген тәртіппен ұсынылады.";

      47-тармақта "жөніндегі" деген сөзден кейін "ұйымдастыру" деген сөз алып тасталсын;

      47-1-тармақта "жөніндегі" деген сөзден кейін "ұйымдастыру" деген сөз алып тасталсын;

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру барысы туралы есептік ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы мәліметтерді қамтиды.

      Осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалардың орындалуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жиынтық есептік ақпараты әрбір тапсырма бойынша орындаудың негізгі нәтижелері мен бағалануын қамтитын, тапсырма тармақтары бөлінісінде 1-5-қосымшаға сәйкес түсіндірме жазбамен ұсынылады.";

      57-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) қол қойылған Заң, Президенттің немесе Үкіметтің қабылданған актісі, Қазақстан Республикасы Президентінің бұрын берген тапсырмасын қамтитын (қосарланатын) жаңа тапсырма;";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Орындауға жауапты мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін Президент Әкімшілігіне хат енгізеді, ал осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша – Премьер-Министр Кеңсесіне осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілген негіздердің бірін жан-жақты баяндай отырып енгізеді.";

      59-тармақтың 1) тармақшасында "не қол қойылған Заңның, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметтің қабылданған актісі" деген сөздер алып тасталсын;

      осы Жарлыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 1-5 және 1-6- қосымшалармен толықтырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 46, 416-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларында:

      29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қол жеткізілген уағдаластықтар туралы тиісті ақпарат жоғары деңгейдегі іс-шарадан кейін екі жұмыс күні ішінде немесе шетелге сапар аяқталған күнінен бастап СІМ-ге жіберіледі.";

      31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Қазақстан Республикасының Президенті қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында, қажеттігіне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарға және ұйымдарға тапсырмалар береді.

      СІМ өз құзыреті шегінде Президенттің халықаралық мәселелер бойынша көмекшісіне Қазақстан Республикасы Президентінің деңгейінде тапсырманың жобасын дайындаудың орындылығы туралы негізделген ұсыныс енгізеді.

      Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар іс-шара аяқталғаннан кейін немесе шетелге сапар аяқталғаннан күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырмалардың жобасына нақты ұсыныстарды СІМ-ге береді.

      32. СІМ тіркелген уағдаластықтардың негізінде Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Президенттің тапсырмаларының жобасын дайындауды жүзеге асырады, қарау және келісу үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жібереді.

      Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар Президенттің тапсырмалары жобасын қарау мен келісуді келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді. Аталған мерзімде жазбаша жауап ұсынылмаған жағдайда, Президенттің тапсырмаларының жобасы ескертулерсіз келісілді деп саналады.

      СІМ Президент Әкімшілігіне мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген, Премьер-Министр және Сыртқы істер министрі виза қойған Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобасын іс-шара өткізілгеннен кейін немесе шетелге сапар аяқталған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қағаздағы және электрондық түрде ұсынады. Бұл ретте көрсетілген мерзімді ұзартуға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

      "32-1. Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі халықаралық мәселелер бойынша Президент көмекшісімен, мүдделі құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік жасайтын – Әкімшілік Басшысының орынбасарларымен, Президенттің көмекшілерімен және Президент Кеңсесінің бастығымен, Мемлекеттік-құқық бөлімімен және Жалпы бөліммен, сондай-ақ басқа мүдделі құрылымдық бөлімшелермен тапсырмалардың жобаларын үш жұмыс күні ішінде электрондық түрде келіседі.

      Тапсырмалардың жобасы Президент Әкімшілігінің Басшысына виза қоюға және Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына қағаздағы және электрондық түрде енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының қағаздағы түріндегі жобасына "Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс" деген мөртабанмен куәландырылған Президент Әкімшілігінде электрондық келісу парағының қағаздағы көшірмесі қоса беріледі.

      Халықаралық іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларының жобасы, қажет болған жағдайда Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша пысықталады.";

      33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қабылдайды және Президент Әкімшілігінде бекітілген бақылауды бекітудің негізінде әзірленген Президент тапсырмаларын орындауды Премьер-Министр Кеңсесінің бақылауды бекітуінде белгіленген мерзімдерде СІМ-ге олардың іске асырылу барысы туралы есеп ұсынады.";

      34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. СІМ қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін берілген Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынған есепті жинақтап-қорытып, талдау жасайды және талдаудың нәтижелері бойынша Президент Әкімшілігінде бекітілген бақылауды бекітудің негізінде әзірленген Президент тапсырмаларын орындауды Премьер-Министр Кеңсесінің бақылауды бекітуінде белгіленген мерзімдерде Премьер-Министр Кеңсесіне жиынтық есепті жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 3 шілдедегі
№ 50 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан
халқына жолдауының жобасын
дайындау, келісу және
Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына ұсыну,
Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен
тапсырмаларының жобаларын
дайындау, келісу, қол қоюға
ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан
халқына жолдауын іске
асыру, Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен
тапсырмаларының орындалуын
бақылауды жүзеге асыру және
Қазақстан Республикасы
Президентінің нормативтік
құқықтық жарлықтарына
  мониторинг жүргізу қағидаларына
1-5-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының орындалу барысы туралы АҚПАРАТ*

      тапсырманың түрі _____________________, құжаттың атауы _________________, құжаттың нөмірі және күні ______________


Бақылауды бекітудегі №

Тапсырма-ның мазмұны

Аяқталу нысаны

Жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

Құжаттың орындалуы туралы деректемелері (мемлекеттік органның есептік ақпараты, құрылымдық бөлімшенің сараптамалық қорытындысы)

Бақылаудан алу туралы қарары

Ұзартылу мерзімі

Ұзартылу туралы қарар

Ұзартылу саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1.











2.











...











      * өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың қорытындылары бойынша тапсырмалардың әрбір түріне бақылаудағы әрбір құжаттың бөлінісінде дайындалады

  Қазақстан Республикасы
Президентінің 2019 жылғы 3
шілдедегі № 50 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан
халқына жолдауының жобасын
дайындау, келісу және
Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына ұсыну,
Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен
тапсырмаларының жобаларын
дайындау, келісу, қол қоюға
ұсыну, Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру,
Қазақстан Республикасы
Президентінің актілері мен
тапсырмаларының орындалуын
бақылауды жүзеге асыру және
Қазақстан Республикасы
Президентінің нормативтік
құқықтық жарлықтарына
мониторинг жүргізу
қағидаларына
1-6-ҚОСЫМША
Электрондық құжаттың
көшірмесі

Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмасының жобасын келісудің ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПАРАҒЫ

Жобаның атауы, мазмұны

___________________________________________

Жобалық құжаттың тіркеу деректемелері

___________________________________________

Кім және қашан құжатты енгізді

___________________________________________

Әзірлеуші мемлекеттік орган

___________________________________________

Әзірлеуші бөлім *

___________________________________________

Келісудің электрондық парағы алынған ақпараттық жүйенің атауы

___________________________________________

Келісудің электрондық парағының қағаздағы көшірмесі дайындалған күні мен уақыты

___________________________________________

      Жобаны келісудің нәтижелері:

Мемлекеттік органдар, басшылар, құрылымдық бөлімшелер

Келісу күні мен уақыты

Кіммен дербес келісілді (Т.А.Ә., лауазымы)

ЭЦҚ қою мәртебесі

Түсініктеме

1

2

3

4

5

6

1.






2.











      "Электрондық құжаттың көшірмесі дұрыс" мәтіні бар мөртабан (электрондық цифрлық қол қоюды тексеру рәсімінің оң нәтижесі анықталды), парақтар саны, куәландырушының т.а,ә., лауазымы, қолы __________

      * - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіндегі және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесіндегі әзірлеуші құрылымдық бөлімше немесе жауапты құрылымдық бөлімше

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады