Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 239 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 14 қаңтардағы
№ 239 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:

      3-тармақтың 2-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2) қызметтегі судьялардың, Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттарының, сондай-ақ өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің, судьялардың, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардың, Ұлттық комиссия айқындайтын халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдардың, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейін бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтаған адамдардың, квазимемлекеттік сектор субъектісінде басшы немесе басшының орынбасары лауазымын атқаратын адамдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелерін қарау;";

      4-тармақта:

      2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2) қызметтегі судьялардың, Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттарының, сондай-ақ, өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің, судьялардың, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардың, Ұлттық комиссия айқындайтын халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдардың, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейін бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтаған адамдардың, квазимемлекеттік сектор субъектісінде басшы немесе басшының орынбасары лауазымын атқаратын адамдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;";

      мынадай редакциядағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) қызметкерлері белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес және осы ұйымдар мен құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар болған жағдайда Ұлттық комиссияның шешімімен "А" және "Б" корпустарының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналаса алатын халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдардың және шетелдік мемлекеттік құрылымдардың тізбесін айқындау;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы туралы үлгілік ережеде:

      3-тармақтың 1-1) тармақшасы алып тасталсын.

      2. "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

      14-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не А-1, В-1, С-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшылары лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі;";

      мынадай редакциядағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі.";

      15-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын республикалық ұйымдардың немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың** басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;";

      мынадай редакциядағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі.";

      15-1-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшылары лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі;";

      мынадай редакциядағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларына:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметтегі судьялар, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттары, сондай-ақ өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттік саяси қызметшілер, халықаралық қызметшілер, судьялар, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар, Ұлттық комиссия айқындайтын халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейін бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтаған адамдар, квазимемлекеттік сектор субъектісінде басшы немесе басшының орынбасары лауазымын атқаратын адамдар "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілмей Ұлттық комиссияның шешімімен орналаса алады.

      Қазақстан Республикасының Президенті осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдарды кадр резервіне іріктеу өткізбей және Ұлттық комиссияның шешімінсіз тағайындауды жүзеге асыратын "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауға құқылы.".

      3. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 534-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер және олардың орынбасарлары жол берген қызметтік әдеп нормаларының бұзылуын, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссия) қарауы мүмкін.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссия қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзу туралы ұсынымдар, сондай-ақ лауазымды адамдарды лауазымынан босатуға дейiн тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.

      Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері, облыстық маңызы бар қалалар, облыстардың аудандары және қалалардағы аудандар әкімдері жол берген қызметтік әдеп нормаларының бұзылуын, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері қарайды, олар қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы ұсынымдар, сондай-ақ лауазымды адамдарды лауазымынан босатуға дейінгі тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

      Қызметтік тергеп-тексеру тәртіптік жаза қолдануға уәкiлеттi адамның тапсырмасы бойынша жүргiзiледi.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, егер жаза Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссияның ұсынымымен қолданылған болса, тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау оның келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тәртiптiк жауаптылығын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) не оның тапсырмасы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы (бұдан әрі – өңірлік кадр комиссиясы) қарайды.";

      22-тармақ алып тасталсын;

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген С-О-1, С-О-2, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-O-2, Е-1, Е-2, E-R-1, E-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ дербес лауазымға орналасқан әдеп жөніндегі уәкілдің тәртіптік жауаптылығын мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері (бұдан әрі – әдеп жөніндегі кеңес) қарайды.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады