Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдарды айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 наурыздағы № 281 Жарлығы.

      2018 жылғы 28 қыркүйекте Душанбеде жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 4-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметі Келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 20.02.2021 № 515 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады