"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаевқа 1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2021 № 610 Жарлығымен.3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 313 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН |
|
Жоба |
1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы (бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталады)
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөнiндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 43-бабын негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Шартқа мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Шарттың 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап Құқықтық көмек көрсету кезiнде қатынастар жасау тәртiбi
Азаматтық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтініш жасаған кезде Уағдаласушы Тараптардың соттары және басқа да органдары мен мекемелерi, егер осы Шартта өзгеше белгiленбеген болса, өздерінің құзыретті мекемелерi арқылы бiр-бiрiмен өзара қатынас жасайды.
Уағдаласушы Тараптар тағайындалған құзыретті мекемелер, олардың функциялары мен байланыс деректері туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.".
2. Шарттың 22-бабы 2-тармағының екінші және үшінші абзацтарында "қаулысы," деген сөзден кейін "сот бұйрығы," деген сөздермен толықтырылсын.
3. Шарттың 23-бабы 2-тармағының в) тармақшасы "іске қатыспаған" деген сөздің алдынан "сот бұйрығын тану және орындау туралы өтінішхатпен жүгіну жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
4. Шарттың 28-бабы алып тасталсын.
5. Шарттың 40-бабынан "және 28" деген сөздер алып тасталсын және мынадай редакцияда жазылсын: "Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың ережелерiн түсiндiру немесе орындау мәселелерi бойынша туындайтын дауларды осы Шарттың 4-бабында көрсетiлген тиiстi орталық органдар арасындағы консультациялар не дипломатиялық арналар арқылы шешедi.".
2-бап
Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама Шарттың қолданылуы тоқтатылуымен бір мезгілде өз қолданылуын тоқтатады.
202_ жылғы "____"_________ _________ қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде әрқайсысы екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.
Қазақстан Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін |