Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 477-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің құрамында:
"Кеңес мүшелері:" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі көмекшісі";
2) күші жойылды – ҚР Президентінің 03.03.2025 № 805 Жарлығымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 03.03.2025 № 805 Жарлығымен.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |