Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы № 316 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарамағына беру жолымен қайта құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган етіп айқындасын;

      2) осы Жарлықты іске асыруға бағытталған заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде шаралар қабылдасын;

      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы Жарлық, мекеме заңнамада белгіленген тәртіппен қайта тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасның
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 2 мамырдағы
№ 316 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер

      1. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:

      мына:

      "

"Қоғамдық келісім" республикалык мемлекеттік мекемесінің директоры

Президент

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Әкімшіліктің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

Әкімшілік Басшысы

  "

      деген жол алып тасталсын.

      2. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "1. Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген тарауда:

      "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры" деген жол алып тасталсын.

      3. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 39, 230-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:

      мына:

      "

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітаиханасының директоры
"Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры
Қазақстан Республикасының ІІрезиденті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

  ".
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 2 мамырдағы
№ 316 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының тізбесі

      1. 1-тармақты қоспағанда, "Қазақстан Республикасының Президенті жанынан "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 837 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 38-39, 368-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 76 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістердің 19-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 5-6, 58-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады