ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-2. Қазақстан Республикасының орталық жəне жергілiктi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыркүйектен кешiктiрмей Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның жұмыс органына "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша мамандар даярлауға өтiнiмді ұсынсын.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына (бұдан əрі – Іріктеу қағидалары) сəйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау, одан айыру туралы шешім қабылдау;";
3) жəне 4) тармақшалар алып тасталсын;
2) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) мемлекеттік тілді білудің қажетті ең төмен деңгейін, шетелдік жоғары оқу орындарының, шет мемлекеттердің уəкілетті органдары айқындайтын шетелдік ұйымдардың талаптарын ескере отырып, шет тілін білудің қажетті ең төмен деңгейін белгілейді;";
мынадай мазмұндағы 12), 13) жəне 14) тармақшалармен толықтырылсын:
"12) Іріктеу қағидаларына сəйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартуды қабылдайды, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде алған мамандығы бойынша еңбек қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды;
13) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін жыл сайын бекітеді;
14) Іріктеу қағидаларында айқындалған адамдар санаттары үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясының шекті санын жыл сайын белгілейді.".
2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.ТОҚАЕВ |