"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 426 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 46, 416-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларында:

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) шешімдерінің жобалары СІМ-нен басқа, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігімен (бұдан әрі – Сауда және интеграция министрлігі) және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен (бұдан әрі – Әділет министрлігі) міндетті түрде келісіледі.";

      14-2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Сауда және интеграция министрлігімен келісілгеннен кейін Комиссия департаменттерінің және алқа мүшелерінің сұрау салуы бойынша ақпаратты, статистикалық деректерді және өзге де материалдарды дипломатиялық арналар арқылы ұсыну;";

      14-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-3. Орталық мемлекеттік органдарды Комиссиямен үйлестіруді және олардың өзара іс-қимыл жасауын Сауда және интеграция министрлігі жүзеге асырады.";

      36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Халықаралық сот органының сұрау салуын алған мемлекеттік орган оны келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде СІМ-ге, Әділет министрлігіне, Сауда және интеграция министрлігіне және Қазақстан Республикасының басқа мүдделі мемлекеттік органдарына қарау үшін жібереді.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Халықаралық сот органынан сот практикасы туралы сұрау салуын алған Жоғарғы Сот сұрау салудың және тиісті жауаптың көшірмелерін СІМ-ге, Әділет министрлігіне, Сауда және интеграция министрлігіне және Қазақстан Республикасының басқа мүдделі органдарына хабардар ету мақсатында жолдайды.";

      40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Халықаралық сот органына жүгінуге бастама жасап отырған уәкілетті мемлекеттік орган 20 жұмыс күні ішінде тиісті өтініш жобасын СІМ-мен, Сауда және интеграция министрлігімен, Әділет министрлігімен келіседі және өтініштің келісілген жобасын тиісті халықаралық сот органына жібергенге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ол туралы белгіленген тәртіппен Президент Әкімшілігін және Премьер-Министр Кеңсесін хабардар етеді.

      41. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін халықаралық ұйымдарда білдіруге, қорғауға уәкілетті Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы халықаралық сот органдарына жүгіну туралы шешім қабылдаған жағдайда, өтінішті тиісті халықаралық сот органына жібергенге дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей СІМ-ді, Сауда және интеграция министрлігін және Әділет министрлігін қабылданған шешім туралы хабардар етеді.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады