ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабының 2-тармағына сəйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жəне тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тілдерді дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар арасында штат санын қайта бөлуді;
2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |