ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығы;
2) "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 сәуірдегі № 854 Жарлығы.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Президенттің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 429 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы алып тасталсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |