"Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 532 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 23-24, 128 құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 5) тармақшасы екінші бөлігіне сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      37-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) заңдық мәні бар өзге де құжаттар (анықтамалар) беру;";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес консулдық іс-әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым алынады.";

      48-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарға келу, оның ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат береді;";

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Болу мемлекетінде қиын жағдайға ұшыраған, оның ішінде форс-мажор жағдайлары салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты шаралар қабылдау бойынша іс-шараларды іске асыру бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады