"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 қыркүйектегі № 662 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы ережеде: 5-тармақтың екінші бөлігінде ", Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен" деген сөздер алып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Комиссияның қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі жүзеге асырады.

      Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі адам құқықтары мен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау мәселелері құзырында болатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарына ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетеді.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:


Шипп Денис Алексеевич

-

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы (келісім бойынша),

Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы

-

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша),

Саин Аружан

-

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша),

Асылов Берік Ноғайұлы

-

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары,

Сабитова Айнұр Әлімханқызы

-

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің Сорбонна-Қазақстан институтының директоры (келісім бойынша);

      мына:

"Әбішев Тастемір Дәуітұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы",

"Ахметжанов Марат Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Әбішев Тастемір Дәуітұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы",

"Ахметжанов Марат Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы";

      аталған Комиссияның құрамынан Г.К.Нұрбаев шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады