"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 379 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 787 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 927 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 14.06.2022 № 927 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 379 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 309-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстарды тұжырымдайды;

      2) Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес:

      Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда;

      халықаралық қарым-қатынастарда оның атынан өкілдік етеді;

      3) мыналардың:

      әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері бойынша: білім, ғылым, мәдениет және спорт салаларының;

      Мемлекет басшысының жанындағы мына консультативтік-кеңесші органдардың: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның; Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның; Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның; Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның; Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның; Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның; Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметтерін үйлестіреді;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді, қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың жұмысын үйлестіреді;

      5) "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      6) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады