Ақмола облысының Қосшы қалалық сотын құру және судьяларды тағайындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 805 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2, 8-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Ақмола облысының Қосшы қалалық соты құрылсын.

      2. Судья қызметіне:

Ақмола облысының
Қосшы қалалық сотына

Мерзадинова Динара Сталбекқызы
осы облыстың Целиноград аудандық сотының
судьясы қызметінен босатыла отырып;
Халмырзаев Мұрат Мәуленұлы
осы облыстың Бұланды аудандық
сотының судьясы қызметінен босатыла
отырып тағайындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президент
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады