"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 909 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің құрылымында:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:

      "3-1. Банктік емес ұйымдарды қадағалау департаменті";

      реттік нөмірі 17-жол алып тасталсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 6 маусымдағы
№ 909 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 11 қарашадағы
№ 203 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржы нарығын дамытуға жәрдемдесетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Агенттік республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және/немесе орыс тілдерінде жазылған рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Агенттік, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік Басқармасының қаулыларымен, Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Агенттіктің құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      8. Агенттіктің орналасқан жері: А15С9Т5, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй.

      9. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттік өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Агенттіктің міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      1) қаржы нарығын реттеу мен дамыту, оның ішінде қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру жасау;

      2) қаржы жүйесінің орнықтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын мониторингтеу;

      3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының тәуекелдерге барынша ұшырағыш салаларына қадағалау ресурстарын шоғырландыру;

      4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін және ол үшін қаржылық қолжетімділікті арттыруды қамтамасыз ету;

      5) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, басқа да жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді өзінің құзыреті шеңберінде әзірлеу және қабылдау;

      кез келген жеке және заңды тұлғалардан, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұрату және өтеусіз алу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде тексерулерді және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарта отырып жүргізу;

      бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерге, банк холдингтеріне, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне өз өкілін жіберу;

      Қазақстан Республикасының қаржы саласындағы заңнамасын және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті бұзушылық анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау;

      банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банк холдингтеріне, банктің ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокерлеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына қатысты уәжді пайымдауды пайдалану;

      Агенттіктің ішкі қызметін реттейтін нормативтік емес құқықтық актілерді қабылдау;

      Заңда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;

      бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, коллекторлық агенттіктер және кредиттік бюролар туралы мәліметтерді (қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда), оның ішінде оларға қабылданған шаралар туралы ақпаратты жариялау;

      Заңда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), олардың филиалдарын және үлестес тұлғаларын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, Қазақстанның Даму Банкін, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерін, бағалы қағаздар эмитенттерін, кредиттік бюроларды, банк холдингтерін, банк конгломераттарын, банктердің ірі қатысушыларын, сақтандыру холдингтерін, сақтандыру топтарын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлерді, арнайы қаржы компанияларын, исламдық арнайы қаржы компанияларын, инвестициялық қорларды, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларын, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаларды, кәсіби ұйымдарды, коллекторлық агенттіктерді, уақытша әкімшіліктерді (уақытша әкімшілерді), банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға (құруға), оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды беру және оларды беруден бас тарту тәртібін айқындау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру не келісім беруден бас тарту, келісімді кері қайтару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін қоса алғанда, көрсетілген келісімді беру тәртібін айқындау;

      4) құзыреті шегінде қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялауды жүзеге асыру, құзыреті шегінде қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялау тәртібін айқындау;

      5) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және Қазақстанның Даму Банкінің бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру тәртібін сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және аудиторлық ұйымды тарта отырып, қаржы ұйымдарының және Заңның 15-1-бабының 1-тармағында көрсетілген өзге де тұлғалардың қызметін тексеру;

      7) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы Агенттікке өтініш білдірген заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде тексеру;

      8) қаржы ұйымдарының, олардың ірі қатысушыларының, банк және сақтандыру холдингтерінің, банк конгломераты мен сақтандыру тобына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалауды, оның ішінде шоғырландырылған негізде жүзеге асыру;

      9) банктердің, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, сақтандыру холдингтерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінде туындайтын тәуекелдерді бағалау әдістерін қолдану;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, қаржы ұйымдарының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдау;

      11) бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, коллекторлық агенттіктер, кредиттік бюролар туралы мәліметтерді (қызметтік, коммерциялық, банк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда), оның ішінде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты жариялау;

      12) Агенттiктiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектiлерiмен интеграцияланбайтын ақпараттық жүйелерiмен интеграцияланатын ақпараттық жүйелерiн құру, оларды пайдалану және ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгiлеу;

      13) өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтанушылардың және сақтандыру нарығына өзге де қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу;

      15) сақтандыру нарығын реттеу қағидаттары мен әдістерін, сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртібін айқындау;

      16) жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуіне келісім беру және келісім беруден бас тарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуын ие болуына рұқсат беру, аталған келісімдерді және рұқсаттарды беру не оларды беруден бас тарту тәртібін айқындау;

      17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру резервтерін қалыптастыруына, сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды белгілеу;

      18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерді орналастыру және инвестициялау тәртібін айқындау;

      19) сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      20) актуарийлік қорытынды және оның мазмұнына талаптар негізінде аннуитет шарттарын қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін көбейту тәртібі мен талаптарын айқындау;

      21) жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздарды беру және сатып алу сомасын есептеу тәртібін, сондай-ақ сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру жөніндегі қызметтерді көрсету тәртібі мен талаптарын айқындау;

      22) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы белгiленген (шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында) мерзімдерді бұза отырып орындаған шарттарды есепке алу тәртібін айқындау;

      23) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, актуарийлердің тізілімін жүргізу;

      24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін), қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясын тағайындау;

      25) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдау;

      26) міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне міндетті ұжымдық кепілдік беру тәртібін айқындау;

      27) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру топтары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындау;

      28) сақтандыру портфелін беру тәртібін айқындау;

      29) сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшеріне қойылатын талаптарды белгілеу, олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

      30) сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындау;

      31) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттілігін талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асыру;

      32) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына талаптар қою;

      33) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, шығындар коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындау;

      34) мыналарға:

      ақпараттық процеске;

      қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа ең төмен талаптарды белгілеуге;

      дерекқордың сақталуына;

      үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, сақтандыру жөніндегі дерекқорды (бұдан әрі – дерекқор) қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      35) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды белгілеу;

      36) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      37) қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен ерекшеліктерін айқындау;

      38) уақытша әкімшіліктің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиясынан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру туралы шешімін келісу;

      39) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібін белгілеу;

      40) сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау мәселелерi бойынша басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;

      41) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйымның және сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу;

      42) тәуелсіз актуарийлердің актуарлық есеп-қисаптарды тағайындау шарттарын және оларды жүргізу тәртібін белгілеу;

      43) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін, оның ішінде кепілдік төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      44) талаптары барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары үшiн стандартты болып табылатын сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шартын бекіту;

      45) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері және зиянды өтеу резерві есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу;

      46) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының акцияларын сатып алу, сондай-ақ орналастыру тәртібі мен талаптарын белгілеу;

      47) міндетті, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есепке алу тәртібін бекіту;

      48) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлеуіне жататын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі белгілеген қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және қосымша жарналарының мөлшерлемелерін, сондай-ақ шартты міндеттемелерін келісу;

      49) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жарғысына енгізілетін өзгерістерді және толықтыруларды келісу;

      50) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының корпоративтік стратегиясын, тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын, ішкі аудит жөніндегі саясатын, есепке алу саясатын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу;

      51) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      52) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау;

      53) Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар нарығында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзу;

      54) қаржы нарығының активтерiн бағалы қағаздар ретінде тану;

      55) бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеудің, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептерді қараудың талаптары мен тәртібін белгілеу;

      56) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздардың, исламдық бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттiк тiркеудi, мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар (облигациялық бағдарламалардың проспектілері), исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектілеріне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуді жүзеге асыру;

      57) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді, облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаларды қарау және бекіту;

      58) акциялар мен облигациялар шығарылымдарының күшін жоюды жүргізу;

      59) бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу шарттары мен тәртiбiн айқындау;

      60) бағалы қағаздардың және туынды бағалы қағаздардың орналастырылуы мен айналысын тоқтату және қайта бастау талаптары мен тәртібін айқындау, мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың орналастырылуын тоқтата тұру және қайта жаңғырту, мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды шығарудың күшін жою;

      61) Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін, лицензиардың электрондық тізілімін және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттардың тізілімін жүргізу;

      62) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерін, оны қалыптастыру тәртібін және оның құрамын белгілеу;

      63) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін, оның ішінде бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен операциялар жасау шарттары мен тәртібіне, осы мәмілелерді есепке алуға қойылатын талаптарды белгілеу;

      64) инвестициялық портфельді басқарушының және институционалдық инвесторлардың инвестициялау тәртібін белгілеу;

      65) инвестициялық портфельді басқарушының салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілеу;

      66) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және кәсіптік ұйымдардың қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

      67) бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының, оның ішінде туынды бағалы қағаздар мен шетел валюталарының бағаларымен (бағамдарымен) айла-шарғы жасауға, бағалы қағаздар нарығында инсайдер ақпаратын немесе қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты пайдаланып, мәмілелер жасауға бақылауды жүзеге асыру;

      68) инвестициялық қорлардың жұмыс істеуін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;

      69) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды белгілеу;

      70) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес міндетті түрде жариялануға тиіс бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері мен оларға қойылатын талаптарды айқындау;

      71) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi кәсiби қызмет ретiнде мойындау;

      72) бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi туралы өзiнiң қолындағы мәлiметтердi пайдалана отырып (бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), бағалы қағаздар нарығының мәселелерi жөнiндегi ақпаратты, сондай-ақ Агенттіктің бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiне қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялау;

      73) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қалпына келтірудің шарттары мен тәртібін айқындау;

      74) номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен талаптарын айқындау;

      75) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілеу;

      76) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      77) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындау;

      78) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      79) өздеріне "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабына сәйкес зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;

      80) зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін талаптарға сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімін жүргізу және Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыру;

      81) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алуы қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      82) зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын әзірлеу және бекіту, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін белгілеу;

      83) зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      84) инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      85) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге де ақпарат аудитін жүргізуді талап ету;

      86) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді және аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, өзге де ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсынуы мерзімдеріне қойылатын талаптарды, аудиторлық ұйымның құрамындағы өзге де ақпарат аудитіне тартылатын аудиторларға қойылатын талаптарды белгілеу;

      87) қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен қорғалу деңгейін бағалау тәртібін айқындау;

      88) қаржы ұйымдарын ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі бойынша саралау тәртібін қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін айқындау;

      89) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      90) қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ішкі тергеп-тексерулер жүргізуге қойылатын талаптарды белгілеу;

      91) қаржылық қызметтердің сапасын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;

      92) қаржы нарығында заңсыз қызметті болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

      93) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, жеке және заңды тұлғалардың банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуіне келісім беру және беруден бас тарту, банктердің және банк холдингтерінің еншілес ұйым құруына және иеленуіне рұқсат беру, сондай-ақ банктердің және банк холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуын сатып алуына рұқсаттарды беру не көрсетілген келісімдер мен рұқсаттарды беруден бас тарту;

      94) банктердің резервтік капиталын қалыптастыру жөніндегі талаптарды белгілеу;

      95) активтерді және шартты міндеттемелерді сыныптау және банктер (акцияларының бақылау пакеті Ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің және банктік қарыз операцияларын жүргізуге берілген лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың филиалдары үшін оларға қарсы провизиялар құру тәртібін белгілеу үшін оларға қарсы провизиялар құру тәртібін белгілеу, сондай-ақ мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органмен келісу бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру тәртібін айқындау;

      96) банктің үлестес тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін айқындау және оларды қолдану туралы шешім қабылдау;

      97) Қазақстан Республикасы банктерінің, бейрезидент-банктері филиалдарының тізілімін жүргізу;

      98) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және Ұлттық пошта операторының үй-жайларды жайластыруға қойылатын талаптарды сақтауына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      99) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қабылдайтын тәуекелдерін ескере отырып, олардың Агенттіктің талаптарын орындауын айқындауға арналған ішкі рәсімдерді белгілеу;

      100) қаржы ұйымдарына және өзге де ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолдану, сондай-ақ көрсетілген шараларды қолдану тәртібін, уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгілеу;

      101) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және істерді қарау, өз құзыреті шегінде әкімшілік жазалар қолдану;

      102) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының тарату комиссияларының қызметін бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ қаржы ұйымдарын таратуды жүзеге асыру, бейрезидент-банктер филиалдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін, аталған субъектілердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды белгілеу;

      103) бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, коллекторлық агенттіктер, кредиттік бюролар туралы мәліметтерді (қызметтік, коммерциялық, банк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда), оның ішінде оларға қолданылған шаралар туралы ақпаратты жариялау;

      104) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) брокерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану, оның ішінде Заңның 13-5-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдалану;

      105) өзі дербес және (немесе) олардың құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ ұйымдармен бірлесіп исламдық қаржы құралдарының және исламдық қаржылық көрсетілетін қызметтердің халықаралық стандарттарын ескере отырып, исламдық қаржыландыруды дамытуды жүзеге асыру;

      106) екінші деңгейдегі банктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен қаржыландырылатын банктерді қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыруды, сондай-ақ банктердің осы шаралар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындауын бақылау;

      107) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының функцияларын жүзеге асыру;

      108) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратқа талдау жүргізу;

      109) ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      110) банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнын белгілеу;

      111) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болу қажеттілігі талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингті, осы рейтингті беретін рейтингтік агенттіктердің тізбесін белгілеу;

      112) банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі банк конгломераты бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу;

      113) облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу;

      114) банктің немесе банк холдингінің меншікті облигацияларымен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау тәртібін айқындау;

      115) банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету тәртібін айқындау;

      116) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптарды белгілеу;

      117) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу тәртібін айқындау;

      118) банкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу тәртібін айқындау;

      119) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметінің тәртібін, еншілес ұйым сатып алған күмәнді және үмітсіз активтерді басқаратын мерзімді, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды айқындау;

      120) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының алуына жататын кірістерді Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістерге жатқызу тәртібін айқындау;

      121) банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен инвесторларға міндетті түрде сату тәртібін айқындау;

      122) банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар қызметінің және бағалы қағаздар нарығындағы лицензияланатын өзге де қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу;

      123) банктің және банк конгломератының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды, сондай-ақ ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын және Банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін мақұлдау тәртібін белгілеу;

      124) автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қол жеткізу мүмкіндігі бар банктердің меншікті үй-жайына қойылатын талаптарды белгілеу;

      125) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыны, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу бойынша ішкі саясатына қойылатын талаптарды белгілеу;

      126) деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының жеке үй-жайына қойылатын талаптарды белгілеу;

      127) банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтаруға, оларды басқа банкке немесе депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына аударуға рұқсат беру тәртібін айқындау;

      128) банктік кепілдіктер мен кепілгерліктер беру тәртібін айқындау;

      129) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау тәртібін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Банк операцияларын жүргізу бойынша біліктілік талаптарды және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін айқындау;

      130) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу;

      131) банк қызметтерін ұсыну және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк қызметтерін ұсыну процесінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібін айқындау;

      132) банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына клиенттерді тарту, олардың банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына беру жөнінде қызметтер көрсету тәртібін айқындау;

      133) қаржы өнімдерінің тізбесін белгілеу, қаржы ұйымы олардың бекітілгені жөнінде Агенттікті хабардар етеді;

      134) қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекіту туралы Агенттікті хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар тізбесін айқындау;

      135) банктік қарыз шартын жасасу тәртібін, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу графигінің нысандарын және қарыз алушы-жеке тұлғаға арналған жадынаманы айқындау;

      136) қамтамасыз етусіз кредит (бланкілік кредит) өлшемшарттарын белгілеу;

      137) банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау тәртібін айқындау;

      138) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін қарыздар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғаларға беретін және өтеу кестесінің, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базалардың болуын көздейтін микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелерін айқындау;

      139) өзгермелі сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, қолданыс талаптарын айқындау;

      140) банктік салым шарттары бойынша өзгермелі сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, қолданыс талаптарын айқындау;

      141) жеке тұлғаға банктік қарыз берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін белгілеу;

      142) қарыздар мен салымдар бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу тәртібін айқындау;

      143) сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту;

      144) банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға жеңілдік талаптарын беруге тыйым салу белгілеудің кейбір мәселелерін айқындау;

      145) банк конгломератымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізбесін белгілеу;

      146) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындау;

      147) пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемесін, банк конгломераты капиталының мөлшерін айқындау;

      148) банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты айқындау;

      149) қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну және оны Агенттіктің мақұлдау тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау;

      150) пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін, банк капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияның есептеу ережелері мен лимиттерін белгілеу;

      151) ислам банктері үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және ислам банктері үшін пруденциялық нормативтер мен сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу әдістемелерін белгілеу;

      152) пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар мен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептіліктің тізбесін, нысандары мен ұсыну қағидаларын белгілеу;

      153) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін, олардың ең төменгі мөлшерін қоса алғанда, олардың нормативтік мәндері мен есеп айырысу әдістемелерін белгілеу;

      154) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу;

      155) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу;

      156) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оның ішінде резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төменгі мөлшерін белгілеу;

      157) Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оның ішінде резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтерін қалыптастыру тәртібінің және олардың ең төменгі мөлшерінің нормативтік мәндерін белгілеу;

      158) лицензиаттың сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің түрлерін, қаржылық тұрақтылықтың өзге де нормалары мен лимиттерін, бағалы қағаздар нарығындағы әрбір қызмет түріне қатысты олардың мәндерін есептеу тәртібі мен әдістемелерін белгілеу;

      159) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу;

      160) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушыға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын банк холдингіне, сақтандыру холдингіне не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаға сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңіндегі Агенттіктің не ұлттық басқарушы холдингінің іс-әрекеттері тәртібін айқындау;

      161) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау тәртібі мен өкілеттіктерін айқындау;

      162) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) есептілікті және өзге де ақпаратты ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін белгілеу;

      163) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты ұсыну тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;

      164) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алу тәртібін айқындау;

      165) акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жариялау тәртібін айқындау;

      166) банк және сақтандыру холдингтерінің қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдерін айқындау;

      167) екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында сақталуы тиіс негізгі құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу;

      168) банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны, оның ішінде бас банк пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу және осы операцияларды, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін Агенттікпен келісу тәртібін айқындау;

      169) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігі мен үздіксіз жұмысына қойылатын талаптарды белгілеу;

      170) банктердің Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің болуы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығына ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындау;

      171) олардың жасалуы банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын нарықтық емес талаптардағы мәмілелердің тізбесін айқындау;

      172) төлемге қабілетсіз банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау тәртібін айқындау;

      173) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы банкке, сондай-ақ банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) барлық банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы банкке мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін беруді жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      174) тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу, төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу, тұрақтандыру банкінің активтер мен міндеттемелерді Агенттік айқындайтын басқа банкке беру тәртібін айқындау;

      175) тұрақтандыру банкінің жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшерін, тұрақтандыру банкін құру, оның жарғылық және меншікті капиталдарын қалыптастыру, сондай-ақ тұрақтандыру банкінің банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу тәртібін белгілеу;

      176) екінші деңгейдегі банктерге консервациялау режимін қолдану (орнату) тәртібін айқындау;

      177) ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін айқындау;

      178) мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртібін және мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды айқындау;

      179) тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу, төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу, тұрақтандыру банкінің активтер мен міндеттемелерді Агенттік айқындайтын басқа банкке беру тәртібін айқындау;

      180) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      181) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшерін белгілеу;

      182) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердi және сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін белгілеу;

      183) берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;

      184) электрондық тәсілмен микрокредиттер беру тәртібін айқындау;

      185) микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сомасы, микрокредит нысанасы) туралы ақпаратты қамтитын бірінші бетінің мазмұнына, ресімделуіне микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын айқындау;

      186) микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу;

      187) берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау;

      188) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыш жүктемесі коэффициентін есептеу тәртібін және оның шекті мәнін айқындау;

      189) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау тәртібін айқындау;

      190) микрокредит алуға қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнаманы жүргізу тәртібін белгілеу;

      191) ломбардта заттарды сақтау, ломбардтардың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті ішкі істер органының келісімі бойынша айқындау;

      192) коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыру;

      193) коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу;

      194) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну тәртібін айқындау;

      195) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу;

      196) есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;

      197) коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу;

      198) ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын бекіту;

      199) кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi басқа тұлғаларға беруге келiсiмiн ресімдеу тәртібін айқындау;

      200) кредиттiк есептi берудiң шарттары мен тәртібін айқындау;

      201) кредиттік бюроның кредиттік скорингті есептеу шарттары мен тәртібін айқындау;

      202) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру тәртібін айқындау;

      203) кредиттік бюролардың, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер болып табылатын ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу;

      204) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес кредиттік бюролардың ақпаратты берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қойылатын талаптарды белгілеу;

      205) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, қор биржасы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдары, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды белгілеу;

      206) банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, қор биржасы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдары, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда клиенттерді тиісінше тексеруге қойылатын талаптарды белгілеу;

      207) салық және бюджетке төлемдер түсімін қамтамасыз ету саласында уәкілетті органмен бірлесе отырып, еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну тәртібін айқындау;

      208) ипотекалық ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      209) инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындау;

      210) қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау тәртібін және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін айқындау;

      211) бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (берген) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялық қордың активтері есебінен жасалатын инвестициялардың жинақталған мөлшерін белгілеу;

      212) инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау тәртібін, талаптарын және әдістемесін белгілеу;

      213) жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезде бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу;

      214) кастодиандық үлгілік шарттың нысанын бекіту;

      215) кастодиан-банктің арнайы қаржы компаниясы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      216) сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету тәртібін және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу;

      217) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін сыныпты "бонус-малус" жүйесі бойынша есептеу тәртібін бекіту;

      218) көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібін бекіту;

      219) түзету коэффициентін қолдану тәртібін бекіту;

      220) аннуитет шарты бойынша аннуитеттiк төлемдерді есептеу тәртібін бекіту;

      221) аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      222) сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілеу;

      223) туристі міндетті сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағын белгілеу;

      224) ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын төлеу тәртібін белгілеу;

      225) арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін жаңа инвестициялық портфель басқарушысына беру тәртібін белгілеу;

      226) арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру тәртібін белгілеу;

      227) өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдарымен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша ақпарат алмасуды қоса алғанда, өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      228) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ банктердің осы бағдарламалар шеңберінде қабылдаған міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыру;

      229) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін бұзушылықтарды болдырмау шараларын іске асыру;

      230) халықтың қаржылық сауаттылығын және халық үшін қаржылық қолжетімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

      231) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

      232) коллекторлық агенттіктердің тарапынан заңсыз іс-әрекеттерден борышкерлердің құқықтарын және мүдделерін қорғауға, коллекторлық қызметтің ашықтығын, берешекті өндіріп алу бойынша жұмыста тиімділік пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

      233) қаржылық қызметтерді тұтынушылар, тексерілетін субъектілер үшін Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;

      234) Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;

      235) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге қарыздар, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыз беру, сондай-ақ оларды құрылымдау және банк олар бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын қанағаттандыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен ақпарат алмасуды, оның ішінде ақпараттық жүйелерге өзара қолжетімділік арқылы жүзеге асыру;

      236) Заңда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Агенттіктің бірінші басшысының, алқалы органдардың мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Агенттікке басшылықты Төраға жүзеге асырады, ол Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      16. Агенттік Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Агенттік Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын үш орынбасары болады.

      18. Агенттік Төрағасының өкілеттіктері:

      1) Заңда және Агенттік Басқармасы үшін осы Ережеде айтылған өкiлеттiктердi қоспағанда, Агенттік қызметiнің барлық мәселелері бойынша жедел және атқарушы-өкiмдік шешімдер қабылдайды;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің тағайындауы үшін Агенттік Төрағасы орынбасарларының лауазымына кандидатуралар ұсынады;

      3) Агенттіктен сайланған Агенттіктің Басқарма мүшелерін тағайындайды және босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік Аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Агенттіктің құрылымы негізінде Агенттік бөлімшелерінің құрылымын бекітеді;

      6) Агенттіктің лауазымды тұлғаларын тағайындайды және оларды жұмыстан босатады, ерекшеленген қызметкерлерді көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады;

      7) Агенттіктен сайланған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесін тағайындайды және босатады;

      8) өз құзыреті шегінде Агенттіктің атынан республикада және шетелдерде өкілдік етеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Агенттіктің нормативтік құқықтық актілері, Агенттік Басқармасының қаулылары негізінде және (немесе) оларды орындау үшін Агенттік қызметінің мәселелері бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығарады, Агенттік Басқармасының қаулыларына қол қояды;

      10) Агенттік Басқармасының отырыстарын жүргізеді;

      11) Агенттік Төрағасының орынбасарлары мен Агенттік Аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөледі, өз орынбасарларының, Агенттік Аппараты басшысының және Агенттік бөлімшелері басшыларының тапсырылған жұмыс учаскесіндегі істің жай-күйі үшін жауаптылық дәрежесін белгілейді;

      12) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Агенттіктің жалпы штат саны негізінде Агенттіктің штат кестесін бекітеді;

      13) Агенттіктің бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      14) Агенттік бөлімшелерінің атқарған жұмысы туралы есептерін тыңдайды;

      15) Агенттіктің атынан шарттар (келісімдер, келісімшарттар) жасасады;

      16) Агенттіктің атынан сенімхаттар береді, міндеттемелерге қол қою және сенімхаттар беру тәртібін белгілейді;

      17) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит мәселелері бойынша құжаттарды қарап, бекітеді;

      18) Агенттіктің ішкі қызметі, оның ішінде еңбек қатынастарымен және еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастармен байланысты мәселелер бойынша және Агенттік Басқармасының айрықша құзыретіне жатқызылмаған өзге мәселелер бойынша актілер бекітеді;

      19) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды және осы міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады;

      20) Агенттік қызметкерлерін жұмысқа қабылдаған және лауазымын өсірген кезде гендерлік баланстың сақталуын қамтамасыз етеді;

      Агенттік Төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Агенттік Төрағасы өз орынбасарларының және Агенттік Аппараты басшысының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

      20. Агенттік Аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Агенттік Аппаратының басшысы басқарады.

      21. Басқарма Агенттіктің жоғары алқалы органы болып табылады.

      Агенттік Басқармасының өкілеттіктері:

      1) қаржы нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;

      2) Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттейтін, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      3) мыналарға:

      банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға;

      банктердің және (немесе) банк холдингтерінің еншілес ұйымды құруына және сатып алуына;

      банктердің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына;

      ұйымдардың капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қомақты қатысуына;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына;

      ұйымдардың капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуына рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту) не рұқсатты кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды;

      4) мыналарға:

      банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге, бөлініп шығуға, қайта құруға, конвертациялауға) немесе банктерді ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын (сақтандыру холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге, бөлініп шығуға, қайта құруға) немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға;

      ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе ерікті түрде таратуға;

      исламдық арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды;

      5) мыналарға:

      банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге;

      инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру (келісім беруден бас тарту) және келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды;

      6) мыналарға:

      банктік, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өзге де операцияларды жүргізуге (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға берілген лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданылуын тоқтата тұру, қолданылуын қайта бастау не олардан айыру туралы шешімдерді қоспағанда);

      сақтандыру нарығында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына;

      ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметін жүзеге асыруға;

      бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қолданылуын қайта бастау не лицензиядан айыру туралы шешім қабылдайды;

      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламаларды бекітеді;

      8) Агенттіктің халықаралық және өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдайды;

      9) уәкілетті органның консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешім қабылдайды;

      10) банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлем жасауға қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлем жасауға қабілетсіз Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу туралы шешім қабылдайды;

      11) банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлем жасауға қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалын төлем жасауға қабілетсіз Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының санатынан шығару туралы шешім қабылдайды;

      12) банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын оның депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы шешім қабылдайды;

      13) банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын оның депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатынан алып тастау туралы шешім қабылдайды;

      14) банк холдингін консервациялау жүргізу туралы шешім қабылдайды;

      15) банкті консервациялау режимін енгізу, банк депозиторлары мен кредиторларының талаптарын қанағаттандыруға мораторий енгізу, төлем жасауға қабілетсіз банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын реттеу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі шараларды қолдану туралы шешім қабылдайды;

      16) реттеудің айырықша режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;

      17) реттеудің айырықша режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты қарайды және мақұлдайды;

      18) мына:

      банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің, банк холдингінің ірі қатысушысының белгілері бар тұлғаға тиесілі банктің акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау;

      сапасы және өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып есептелген активтердің құны және міндеттемелер арасында теріс айырма анықталған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының акционерлеріндегі акцияларды мәжбүрлеп сатып алу және осы акцияларды сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша барлық міндеттемелерді орындауға кепілдік беретін талаптармен сатып алуға ниет білдірген жаңа инвесторға сату;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау;

      ірі қатысушыға не инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы мәселе бойынша шешім қабылдайды;

      19) тұрақтандыру банкін құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;

      20) егер қолданылған шаралар банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға әкелмеген жағдайда, банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында:

      Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен, банктің қаржылық жай-күйін жақсарту және банктің пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде жариялаған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады;

      банкте капиталдың теріс мөлшері болған кезде банктің қаржылық жай-күйін қажетінше жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша міндетті түрде кейіннен дереу өткізу талабымен банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды;

      21) қаржы нарығының активтерін бағалы қағаздар ретінде тану туралы шешім қабылдайды;

      22) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы акт беру туралы шешім қабылдайды;

      23) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актінің қолданылуын тоқтата тұру, қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды;

      24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдайды;

      25) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етумен байланысты қызметтерді Агенттіктің сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      26) Агенттіктің регламентін бекітеді;

      27) Басқарманың регламентін бекітеді;

      28) Агенттік қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету шарттарын бекітеді;

      29) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша белгіленген, Агенттік Төрағасы мен оның орынбасарларының лауазымдық жалақыларының мөлшерін бекітеді;

      30) Агенттік қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен жасалған еңбек шарттарын тоқтату қағидаларын бекітеді;

      31) уәкілетті органның құрылымын, жалпы штат санын және уәкілетті орган туралы Ережені, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;

      32) уәкілетті органның жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;

      33) Агенттік Басқармасының құзыретіне жатқызылған, Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Агенттік Басқармасы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында және осы Ережеде айқындалған, Агенттіктің құзыретіне кіретін кез келген мәселені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға құқылы.

4-тарау. Агенттіктің мүлкі

      22. Агенттіктің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

      Агенттік мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады