Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 940 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлық 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасында әдебиеттің жас қайраткерлерін мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындау қағидаларын бекітсін;

      2) Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа ұсынылатын адамдардың дербес құрамын жылына бір рет бекітуге ұсынсын.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады