Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 1 шілдедегі № 952 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Президенті Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 1 шілдедегі
№ 952 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУ

      1. "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:

      3-тармақтағы "Мемлекеттік хатшысы", "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі", "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік кеңесшісі", "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі", "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – төраға

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі - төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі - хатшы",

      "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі",

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі",

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі" деген сөздер тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – төраға

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі - төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары - хатшы",

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі",

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі",

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі".

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның - құрамында:

      "Мемлекеттік хатшы", "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік кеңесші", "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамына енгізілсін:

Сариев Бақытжан Шөмішбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Комиссия төрағасының орынбасары;

      көрсетілген Комиссияның құрамынан Н.Б. Онжанов шығарылсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тармақтың бірінші бөлігінде "Мемлекеттік хатшысы" деген сөздер "Мемлекеттік кеңесшісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Комиссия төрағасы",

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі" деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Комиссия төрағасы",

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі".

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Азаматтықты өзгерту:

      1) азаматтыққа қабылдау;

      2) азаматтықты қалпына келтіру;

      3) азаматтықтан шығару;

      4) азаматтықты жоғалту;

      5) азаматтықтан айыру түрінде жүзеге асырылады.";

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту және азаматтығынан айыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.";

      8-тармақтағы "Мемлекеттік хатшысы", "Білім және ғылым министрлігі" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік кеңесшісі", "Оқу-ағарту министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-бөлім алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Мемлекеттік хатшысы", "Білім және ғылым министрлігі" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік кеңесшісі", "Оқу-ағарту министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      6-тармақта "Мемлекеттік хатшысы" деген сөздер "Мемлекеттік кеңесшісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-1-тармақта "Мемлекеттік хатшысы" деген сөздер "Мемлекеттік кеңесшісі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:

      "Мемлекеттік хатшысы" деген сөздер "Мемлекеттік кеңесшісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі";

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі" деген жол алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:

      "Мемлекеттік хатшысының" деген сөздер "Мемлекеттік кеңесшісінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде:

      4-тармақтың үшінші бөлігінде "Білім және ғылым министрлігі" деген сөздер "Ғылым және жоғары білім министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың үшінші бөлігінде "Білім және ғылым министрлігі" деген сөздер "Ғылым және жоғары білім министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақтың үшінші бөлігінде "Білім және ғылым министрлігі" деген сөздер "Ғылым және жоғары білім министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      3-тармақта "Мемлекеттік хатшысы" деген сөздер "Мемлекеттік кеңесшісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта "Білім және ғылым министрлігі" деген сөздер "Ғылым және жоғары білім министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      3-тармақта "Мемлекеттік хатшысы" деген сөздер "Мемлекеттік кеңесшісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында:

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамына енгізілсін:

Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы

-

"Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі (келісім бойынша),

Закарья Күнсұлу

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, биология ғылымдарының докторы (келісім бойынша),

Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы

-

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі (келісім бойынша),

Дәуленов Мирас Мұхтарұлы

-

"Нархоз Университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті - басқарма төрағасы, құқық саласындағы РhD доктор (келісім бойынша),

Сұраған Дурвудхан

-

"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің математика саласындағы РhD доктор (келісім бойынша),

Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы

-

Аstаnа ІТ Universitу ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша);

      "Мемлекеттік хатшысы", "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі", "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік кеңесшісі", "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары", "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мына:

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары

-

төрағаның орынбасары",

"Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы

-

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, саяси ғылымдар докторы (келісім бойынша)",

"Сыдықов Ерлан Батташұлы


- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

-

төрағаның орынбасары",

"Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы

-

саяси ғылымдар докторы (келісім бойынша)",

"Сыдықов Ерлан Батташұлы

-

"Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті - басқарма төрағасы, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша)";

      "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының президенті (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Комиссия құрамынан: С.М.Әдекенов, Б.Ғ.Аяған, Т.Ш.Кәлменов, М.М.Молдабеков, Ғ.М.Мұтанов, А.Қ.Саданов шығарылсын.

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында:

      мына:

"Ананьева Светлана Викторовна

-

- әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бөлім меңгерушісі (келісім бойынша)",

"Қамзабекұлы Дихан

-

әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, III дәрежелі "Барыс" орденінің кавалері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының проректоры - басқарма мүшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)",

"Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы

-

әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің кавалері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Ананьева Светлана Викторовна

-

әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бөлім меңгерушісі (келісім бойынша)",

"Қамзабекұлы Дихан

-

әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, III дәрежелі "Барыс", "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің кавалері, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының проректоры - басқарма мүшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)",

"Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы

-

әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің кавалері, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" шаруашылық құқығындағы республикалық кәсіпорнының директоры жүргізу мемлекеттік (келісім бойынша).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады