Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 шiлдедегi № 955 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы Жарлықтан туындайтын шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 5 шілдедегі
№ 955 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің
ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 5 шілдедегі
№ 955 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

      14-тармақтың 2) тармақшасының жиырма тоғызыншы абзацы алып тасталсын;

      "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің – аумақтық органдардың тізбесі" деген бөлімде:

      "Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген кіші бөлім реттік нөмірлері 18, 19 және 20, мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "18. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті.

      19. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті.

      20. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті.";

      "Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірлері 13 және 14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті.

      14. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті.";

      реттік нөмірлері 15 және 16, мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "15. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Нұр-Сұлтан" шекаралық бақылау басқармасы.

      16. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы.".

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:

      "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 13 және 14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті.

      14. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті.";

      реттік нөмірлері 15 және 16, мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "15. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Нұр-Сұлтан" шекаралық бақылау басқармасы.

      16. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" шекаралық бақылау басқармасы.".

      3. Құпия.

      4. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкері антының мәтінін және оны қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 319 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің ант қабылдау қағидаларында:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бұрын әскери ант немесе Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы қызметкерінің антын қабылдамаған әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің мәртебесі берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей;".

      5. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 627 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында әскери, арнаулы оқу орындарын аяқтағаны туралы белгілерді, сыныптық біліктілік белгілерін, айырым белгілерін, күнделікті-далалық киім нысандарының түстерін, сондай-ақ өзге де киімді (спорттық және арнаулы іс-шараларға қатысу үшін, сондай-ақ техниканы, қару-жарақты және тағы сол сияқты қызмет көрсетуге арналған) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары бекітеді.";

      25-тармақтың екінші бөлігіне орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;

      28-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Әскери, арнаулы оқу орындарының оқу курстары бойынша жеңдегі белгілері – көктікен түсті шұғадан жасалған ұштары төмен қаратылып орналастырылған алтын түстес оқадан жасалған бұрыштамалар.";

      "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандары үлгілерінің суреттері" бөлімінде:

      21-суретте "арнаулы (әскери)" деген сөздер "әскери, арнаулы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 954 Жарлығында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы ереже;".

      7. Құпия.

      _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады