Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 шiлдедегi № 961 Жарлығы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Осы Жарлық 01.07. 2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының әкімдері осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдар болып табылатын тексеру комиссияларын – мемлекеттік мекемелерді құруды қамтамасыз етсін.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      3.  Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 15 шілдедегі
№ 961 Жарлығына
ҚОСЫМША

Құрылатын мемлекеттік мекемелердің
ТІЗБЕСІ

      1. "Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      2. "Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      3. "Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      ________________________________

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 15 шілдедегі
№ 961 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

      мына жолдар:

      "

Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттары

396

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы

118

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттары

405

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы

121

      ";

      мына жол:

      "

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

33

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

34

      ";

      мына жолдар:

      "

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), соның ішінде оның аумақтық органдары

1688

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері

2446

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, соның ішінде оның аумақтық бөлімшелері

352

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

1801

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), соның ішінде оның аумақтық органдары

1868

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері

2470

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, соның ішінде оның аумақтық бөлімшелері

385

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

1867

      ";

      жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымшада:

      Қазақстан Республикасының жергілікті соттары судьяларының штат саны лимитінде:

      мына:

      "Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары 458

      Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары 2161"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары 475

      Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары 2179".

      2. "Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлыққа қоса беріліп отырған Құрылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      мынадай мазмұндағы 18,19 және 20-тармақтармен толықтырылсын:

      "18. "Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      19. "Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.

      20. "Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары штат санының лимиттерінде:

      мына:

      "

Ақмола

45

      "

      деген жолдың алдынан мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Абай

31

      ";

      мына

      "

Жамбыл

39

      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Жетісу

29

      ";

      мына:

      "

Түркістан

51

      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Ұлытау

22

      ";

      мына жол:

      "

Алматы

52

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Алматы

35

      ";

      мына жол:

      "

Шығыс Қазақстан

57

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Шығыс Қазақстан

35

      ";

      мына жол:

      "

Қарағанды

49

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қарағанды

37

      ";

      мына жол:

      "

ЖИЫНЫ:

668

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

ЖИЫНЫ:

699

      ".

      3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Агенттіктің жалпы штат саны 560 бірлік болып бекітілсін.".

 
  Қазақстан Республикасы
Президентінің кейбір
жарлықтарына енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы
№ 29 Жарлығына
2-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы прокуратурасының ЖАЛПЫ ШТАТ САНЫ

Қазақстан Республикасының прокуратурасы, оның ішінде: Бас прокуратура, Құқық қорғау органдары академиясы, прокуратура органдары, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық органдары

5837


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады