"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 972 Жарлығы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ережеде:

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құқықтары:

      қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, басқа да жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді өзінің құзыреті шеңберінде әзірлеу және қабылдау;

      кез келген жеке және заңды тұлғалардан, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұрату және өтеусіз алу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде тексерулерді және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, аудиторлық ұйымдарды, бағалаушыларды және қаржылық технологиялар саласындағы мамандарды тарта отырып жүргізу;

      бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерге, банк холдингтеріне, инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға Агенттік өз қызметкерлері қатарынан тағайындайтын өз өкілін жіберу;

      Қазақстан Республикасының қаржы саласындағы заңнамасын және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті бұзушылық анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау;

      банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банк холдингтеріне, банктің ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру топтарына және (немесе) сақтандыру топтарының құрамына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокерлеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлерге, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкерлеріне, басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды пайдалану;

      Агенттіктің ішкі қызметін реттейтін нормативтік емес құқықтық актілерді қабылдау;

      Заңда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;";

      14-тармақта:

      1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), олардың филиалдарын және үлестес тұлғаларын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, Қазақстанның Даму Банкін, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерін, бағалы қағаздар эмитенттерін, кредиттік бюроларды, банк холдингтерін, банк конгломераттарын, банктердің ірі қатысушыларын, сақтандыру холдингтерін, сақтандыру топтарын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларын, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлерді, арнайы қаржы компанияларын, исламдық арнайы қаржы компанияларын, инвестициялық қорларды, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларын, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаларды, кәсіби ұйымдарды, коллекторлық агенттіктерді, уақытша әкімшіліктерді (уақытша әкімшілерді), банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға (құруға), оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды беру тәртібін айқындау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру не келісім беруден бас тарту, келісімді кері қайтарып алу, мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын, келісімді алуға қажетті құжаттарды, сондай-ақ халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін қоса алғанда, көрсетілген келісімді беру тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарийдің және бірыңғай оператордың, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) берілген қолданыстағы келісімдердің тізілімін жүргізу";";

      8), 10), 16), 24) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қаржы ұйымдарының, олардың ірі қатысушыларының, банк және сақтандыру холдингтерінің, банк конгломераты мен сақтандыру тобына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалауды, оның ішінде шоғырландырылған негізде жүзеге асыру;";

      "10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдау;";

      "16) жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына және оған ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуға ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, аталған келісімдерді және рұқсаттарды беру не оларды беруден бас тарту тәртібін, еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібін айқындау;";

      "24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау;";

      "28) сақтандыру портфелін беру тәртібін және ерекшеліктерін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 33-1), 33-2) және 33-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "33-1) "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылықтың, анықтық факторының және түзету коэффициенттерінің мөлшерлерін бекіту;

      33-2) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану тәртібін айқындау;

      33-3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу тәртібін айқындау;";

      38), 39) және 41) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін беру туралы шешімін келісу;

      39) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушының, сақтандырушы мен сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібін айқындау, сондай-ақ сақтандыру ұйымы әріптестерінің электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды белгілеу;";

      "41) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 42-1), 42-2), 42-3), 42-4), 42-5), 42-6), 42-7), 42-8), 42-9) және 42-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "42-1) сақтандыру омбудсманын сайлау және оның қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      42-2) жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптарды белгілеу;

      42-3) сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтердің құнын айқындау шарттарын, әдістемесін және тәртібін айқындау;

      42-4) сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді, сақтандыру ұйымын ерікті түрде, мәжбүрлеп тарату немесе сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылар арасында бөлу ерекшеліктерін белгілеу;

      42-5) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару қағидаларын бекіту;

      42-6) сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдау;

      42-7) сақтандыру жағдайларын реттеу тәртібін, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларацияның нысанын және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындау;

      42-8) міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекіту;

      42-9) сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесі сайлауға ұсынған, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кемінде үш кандидаттың арасынан сақтандыру омбудсманы лауазымына сайлау, сақтандыру омбудсманы өз қызметінде Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының және (немесе) сақтандыру омбудсманының ішкі қағидаларының талаптарын жүйелі түрде (соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған жағдайда, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

      42-10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің жай және (немесе) артықшылықты акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) бойынша дивидендтер төленген жағдайда пайда болуы мүмкін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторды (факторларды) белгілеу;";

      45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "45) активтерді инвестициялау тәртібін және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу;";

      46) тармақша алып тасталсын;

      47), 49) және 50) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) міндетті, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, бастапқы біржолғы, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы сақтандыру ұйымдарының шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есепке алу тәртібін бекіту;";

      "49) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жарғысын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу;

      50) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының стратегиясын, оның тәуекелдерді басқару жөніндегі, ішкі аудит жөніндегі саясатын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының есепке алу саясатын келісу;";

      мынадай мазмұндағы 51-1) және 51-2) және 51-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "51-1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтері, "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қаржы активтерін бағалау тәртібін белгілеу;

      51-2) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі бекіткен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының ішкі құжаттарын, сондай-ақ "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 10-4) тармақшасында айқындалған мәселелер бойынша оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу;

      51-3) білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша есеп айырысу сомасын есептеу тәртібін, сақтандыру төлемдерінің есептемесін және оларды жүзеге асыру тәртібін айқындау;";

      55), 56), 57) және 60) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "55) бағалы қағаздар, оның ішінде туынды бағалы қағаздар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу, оларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ олардың күшін жою шарттары мен тәртібін белгілеу;

      56) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздардың, исламдық бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;

      57) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және бекіту;";

      "60) бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыруды және олардың айналысын тоқтата тұру және қайта бастау шарттары мен тәртібін айқындау, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыруды және олардың айналысын тоқтата тұру және қайта бастау, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою шарттары мен тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 74-1), 74-2), 74-3), 74-4), 74-5), 74-6), 74-7), 74-8), 74-9) және 74-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "74-1) шетелдік кәсіби ұйымдардың тізбесін бекіту;

      74-2) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарындағы және облигациялардың жекеше меморандумдарындағы акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы, акциялар шығарылымының күші жойылғаны туралы ақпаратты ашып көрсету, сондай-ақ оны жария ету тәртібі мен шарттарын айқындау;

      74-3) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың білікті инвесторлар болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызметтер көрсету ерекшеліктерін белгілеу;

      74-4) "жасыл", әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигацияларын және орнықты дамуға байланысты облигацияларды орналастырудан түсетін кірістер мен қаражатты пайдалану мен бөлуге және олардың облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада және (немесе) облигацияларды шығару шарттарында мәлімделген мақсаттарға сәйкестігіне қатысты бағалау мен талдау жүргізу (верификация) үшін ұйымдарды айқындау;

      74-5) орталық депозитарийдің эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды өтеуі туралы Агенттікті хабардар ету тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;

      74-6) дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру тәртібін белгілеу;

      74-7) листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;

      74-8) эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды белгілеу;

      74-9) сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу тәртібін айқындау;

      74-10) бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танудың тәртібі мен шарттарын белгілеу;";

      76) және 82) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "76) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын әзірлеу және бекіту, зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға байланысты сатып алу сомаларын бір сақтандыру ұйымынан басқа сақтандыру ұйымына аудару тәртібін айқындау;";

      "82) зейнетақы аннуитеті шартын жасасу тәртібін және оның үлгілік нысанын бекіту, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 84-1) және 84-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "84-1) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      84-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен сақтандыру ұйымы арасындағы, бір сақтандыру ұйымы мен екінші сақтандыру ұйымы арасындағы зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және бұзу, қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу кезінде ақпарат алмасу тәртібін айқындау;";

      100) және 102) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "100) қаржы ұйымдарына және өзге де тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолдану, сондай-ақ көрсетілген шараларды қолдану тәртібін, уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгілеу;";

      "102) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының қызметін бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ қаржы ұйымдарын таратуды жүзеге асыру, бейрезидент-банктер филиалдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін, аталған субъектілердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 107-1) және 107-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "107-1) салалық ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және алмасу жөніндегі ақпараттандыру объектісін қосу және пайдалану тәртібін айқындау;

      107-2) өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;";

      118) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "118) банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе оған ие болуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе оған ие болуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру, сондай-ақ банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымды құруына, оған ие болуына, банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) күшін жою тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 127-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "127-1) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, рұқсат алу үшін өтініш нысандарын, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын және мәліметтер нысандарын айқындау;";

      178) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "178) мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртібін және мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды айқындау;";

      205) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "205) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, қор биржасы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 211-1) және 211-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "211-1) инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келісу;

      211-2) акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, сондай-ақ оларды тіркеуге ұсыну тәртібін белгілеу;";

      216) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "216) сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету, сақтандыру шартының қолданылу мерзімінің өтуі туралы алдын ала хабардар ету тәртібін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 232-1) және 232-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "232-1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізу және Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыру;

      232-2) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін, банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптарды айқындау;";

      21-тармақтың екінші бөлігінде:

      4) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мыналарға:

      банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге, бөлініп шығуға, қайта құруға, айналдыруға) немесе банктерді ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын (сақтандыру холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге, бөлініп шығуға, қайта құруға) немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға;

      ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе ерікті түрде таратуға;

      исламдық арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға;

      микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды;";

      "15) банкті консервациялау режимін енгізу, банк депозиторлары мен кредиторларының талаптарын қанағаттандыруға мораторий енгізу, төлем жасауға қабілетсіз банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын реттеу жөніндегі шараларды қолдану туралы шешім қабылдайды;";

      17) тармақша алып тасталсын;

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) мына:

      банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің, банк холдингінің ірі қатысушысының белгілері бар тұлғаға тиесілі банктің акцияларын сенімгерлік басқаруды құру;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды құру;

      инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды құру мәселесі туралы шешім қабылдайды;";

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) әрекеттерді бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселелерін қарау жөніндегі сараптама комитеті туралы ережені бекітеді;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің құрылымы:

      мынадай мазмұндағы рет саны 22-1, 25-1 және 28-1-жолдармен толықтырылсын:

      "22-1. Жезқазған қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы";

      "25-1. Қонаев қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы";

      "28-1. Семей қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы".

      2. Осы Жарлық:

      1) 2022 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының тоқсаныншы және тоқсан бірінші абзацтарын;

      2) 2022 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші және тоқсан тоғызыншы абзацтарын;

      3) 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма сегізінші, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс екінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс алтыншы, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, бір жүзінші, бір жүз бірінші, бір жүз екінші, бір жүз үшінші, бір жүз төртінші, бір жүз бесінші, бір жүз алтыншы, бір жүз жетінші, бір жүз сегізінші, бір жүз тоғызыншы, бір жүз оныншы, бір жүз он бірінші, бір жүз он екінші, бір жүз он үшінші, бір жүз он төртінші, бір жүз он бесінші, бір жүз он алтыншы абзацтарын;

      4) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының алпыс үшінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші және тоқсан төртінші абзацтарын;

      5) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының жиырма жетінші, жиырма тоғызыншы, қырық бірінші, жетпіс жетінші, тоқсан бесінші және тоқсан алтыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады