Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру және "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 976 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық органдарының – мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      3) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      4) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      5) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      6) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      7) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      8) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      9) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      10) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      11) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      12) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      13) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      14) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      15) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      16) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      17) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      18) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      19) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;

      20) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің мамандандырылған мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығы.".

      3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады