Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 1029 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) қызмет бабында пайдалану үшін;

      2) "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереже осы Жарлықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық

      Аппарат

      Қылмыстық қудалау қызметі

      Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі

      Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі

      Арнайы прокурорлар қызметі

      Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі

      Кадрларды дамыту департаменті

      Ішкі тергеп-тексеру департаменті

      Стратегиялық дамыту департаменті

      Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті

      Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті

      Өтініштермен жұмыс және іс жүргізу департаменті

      Қаржы департаменті

      Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы

      Ішкі аудит басқармасы

      Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы";

      сыныптық шендер берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендердің тізбесі осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын ("Қызметтік пайдалану үшін" деген белгісімен).

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 3 қазандағы
№ 1029 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 13 қазандағы
№ 563 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі – Бас прокуратура) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік құқық қорғау органы.

      Бас прокуратура өз өкілеттіктері шегінде, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі – прокуратура органдарының жүйесі) басқаруды жүзеге асырады, мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

      2. Бас прокуратураның ведомствосы – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет.

      3. Бас прокуратура өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бас прокуратура мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік тілде және орыс тілінде өз атауы жазылған мөрлері және өз атауы бар мөртабандары болады, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бас прокуратура азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бас прокуратура, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бас прокуратура өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, берілген өкілеттіктері шегінде Бас Прокурордың бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бас прокуратураның құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Бас прокуратураның заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 14.

      10. Осы ереже Бас прокуратураның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бас прокуратураның қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бас прокуратураның өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Бас прокуратураға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бас прокуратураға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Бас прокуратураның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;

      заң бұзушылықты, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою;

      құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіру;

      заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттер.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізу;

      заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жедел-іздестіру қызметінің материалдарын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді талап ету, басшылардан және басқа да лауазымды адамдардан заңдылықтың жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық ақпаратты және өзге де мәліметтерді алу;

      заңда көзделген тәртіппен тексерістер жүргізу, оларға қатысу және қорытындылар беру үшін мамандар тарту, сондай-ақ қауіпсіздікті және қадағалау қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тексеруді жүзеге асыруға тарту;

      сараптамалар тағайындау, прокуратураға келіп түскен материалдар, өтініштер бойынша уәкілетті органдардан тексерістер жүргізуді талап ету және олардың нәтижелері туралы хабарлауды міндеттеу;

      құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен ресурстарда қамтылған мәліметтерге заңнамада белгіленген негіздерде және тәртіппен қолжетімділікті алу;

      прокуратура органдары жүйесі қызметінің мәселелері бойынша құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

      басқа мемлекеттердің мекемелерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңнамасын сақтау;

      мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтау;

      өз құзыретіне сәйкес адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

      заңнамада көзделген шектерде жеке және заңды тұлғаларға олардың өтініштерін қарауға байланысты құжаттар мен материалдарды таныстыруға ұсыну;

      заңдылықтың бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу және оларды анықтау, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту, заңда белгіленген тәртіппен прокурорлық ден қою актілерін және прокурорлық қадағалау актілерін қабылдау;

      тексерілетін субъектілердің қалыпты жұмыс істеуі үшін кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) және актілер қабылдауға жол бермеу;

      тексеріс барысында алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      заңсыз ұсталған және бас бостандығынан айыру орындарында, арнаулы мекемелерде, мәжбүрлеу сипатындағы шараларды орындайтын мекемелерде, қызметтік үй-жайларда заңсыз ұсталып отырған адамдарды дереу босату;

      өзінің қызметін халықтың сенімін арттыру басымдығымен жетілдіру;

      заңмен көзделген өзге де өкілеттіктерді орындау.

      15. Функциялары:

      1) заңда белгіленген шекте және тәртіпте:

      мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің;

      заңды күшіне енген сот актілерінің;

      атқарушылық іс жүргізудің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің;

      құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі, қылмыстық жазаларды орындау және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының сақтау салаларындағы қызметінің;

      мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың;

      заңда айқындалатын өзге де бағыттардың заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асыру;

      2) қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамада және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген негізде және тәртіпте сотта мемлекет атынан өкілдік ету;

      3) қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;

      4) құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың ортақ міндеттерді іске асыру кезінде олардың өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету, өзара ақпарат алмасу және олардың әрекеттерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында, заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша осы органдардың қызметін үйлестіру;

      5) Заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің, Бас прокуратура алқасының, Бас прокуратура жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, сондай-ақ прокуратура органдарының қызметі мәселелері жөніндегі комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысын ұйымдастыру;

      6) "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлардағы өтініштерді, сондай-ақ Заңның 6-бабының 4-тармағында және 7-бабының 1-тармағы 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлардағы заң бұзушылықтар немесе олардың болу қаупі туралы өтініштерді қарау;

      7) прокуратура органдары жүйесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      8) прокуратура органдары жүйесінің іс-қимылын басқару, үйлестіру, бақылау, олардың үйлесімділігін қамтамасыз ету, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

      9) өз құзыреті шегінде заңдылықтың сақталуына тексерістер жүргізу;

      10) Заңның 24-бабының 2-тармағында көрсетілген актілерді қоспағанда, Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының актілері мен шешімдерінің, сондай-ақ осы актілер мен шешімдер физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын, шектелмеген адамдар қатарына қатысты болса не жария сипатта болса, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін бағалау;

      11) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен ресурстарға қол жеткізуді пайдалана отырып, заңдылықтың жай-күйін талдау;

      12) прокуратура органдарының қызметін жетілдіру;

      13) прокуратура органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, қылмыстық, әкімшілік және өзге де заңнамада, сондай-ақ құқық қорғау қызметі туралы заңнамада белгіленген шектеулер мен талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

      14) жүктелген міндеттерді шешу үшін прокуратура органдары жүйесінің бірыңғай кадр саясатын әзірлеу және іске асыру;

      15) норма шығармашылық қызметке қатысу;

      16) прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және жүргізу;

      17) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының қылмыстық істер бойынша ұстап беру, құқықтық көмек көрсету, сотталғандар мен психикасының, мінез-құлқының бұзылулары (аурулары) бар адамдарды беру туралы, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасасу;

      18) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;

      19) қылмыстық қудалау мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;

      20) прокуратура органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында қару, оқ-дәрі және арнайы құралдар айналымын, жұмылдыру дайындығы және арнайы есепке алу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;

      21) прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік, дене шынықтыру және арнайы даярлығын ұйымдастыру;

      22) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін уақтылы тағайындауды, қайта есептеуді, индекстеуді қамтамасыз ету, заңнамада көзделген жағдайлар басталған кезде жерлеуге арналған жәрдемақылар, прокуратура органдары жүйесі зейнеткерлерінің отбасы мүшелеріне өтемақы тағайындау;

      23) құзыреті шеңберінде прокуратура органдары жүйесінде қауіпсіздікті, терроризмге қарсы қорғалуды, өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау;

      24) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, оларды үйлестіру және мониторингілеу;

      25) прокуратура органдарының жүйесін техникалық, материалдық, қаржылық және басқа да қамтамасыз ету түрлерін, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстарды күрделі салу мен реконструкциялауды, жөндеуді ұйымдастыру;

      26) прокуратура органдары жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын дамыту және кеңейту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      27) прокуратура органдары жүйесінің бірыңғай ақпараттық саясатын жүргізу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      28) Бас прокуратураның ресми интернет-ресурсының жұмыс істеуін және оның Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" құрылымына қатысуын қамтамасыз ету, прокуратура органдарының Бас прокуратураның ресми интернет-ресурсын ақпараттық материалдармен толықтыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, ақпараттандыру туралы заңнамаға сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;

      29) прокуратура органдары жүйесінде өз құзыреті шеңберінде төтенше оқиғалар мен қылмыстар, оның ішінде терроризм актісінің туындау қатері туралы ақпаратқа мониторингілеуді ұйымдастыру;

      30) прокуратура органдары жүйесінде ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету;

      31) прокуратура органдары жүйесінде ішкі аудитті жүзеге асыру;

      32) Бас Прокурор қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді есепке алуды жүргізу және жүйелеу, олардың бақылау даналарын жүргізу;

      33) прокуратура органдары жүйесінде мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыру;

      34) прокуратура органдары қызметінің тиімділігін және халықтың сенімін арттыру мақсатында, оның ішінде жобалық басқару құралдарын пайдалана отырып, прокуратура органдарының қызметін жетілдіру;

      35) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру;

      36) құқықтық статистика ақпаратын теру, жинақтау, жүргiзу және өңдеу;

      37) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргізу;

      38) құқықтық статистика мәселелері бойынша статистикалық байқаулар жүргізу;

      39) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалауды жүзеге асыру;

      40) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;

      41) шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық тексерулерінің бірыңғай статистикалық есебін жүргізу;

      42) тексеріс тағайындау туралы актілерді тіркеуді жүзеге асыру барысында тексерілетін субъектілердің, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бақылау және қадағалау органдары жүргізетін заңсыз тексерістерден қорғауды қамтамасыз ету;

      43) аумақтық органдардың жұмысына басшылық ету және бақылау жасау, оларға есепке алу, статистикалық, ақпараттық, талдамалық, қадағалау және бақылау қызметін жүзеге асыруда практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

      44) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      45) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      46) мемлекеттік органдарға жасалған өтініштерінің қабылдану, тіркелу, қаралу және шешілу сатысында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;

      47) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындау.

3-тарау. Бас прокуратураның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Бас прокуратураға басшылықты Бас Прокурор жүзеге асырады, ол Бас прокуратураға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бас Прокурор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Бас Прокурордың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.

      19. Бас Прокурордың өкілеттіктері:

      1) Бас прокуратураның жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне және төмен тұрған прокуратуралардың қызметіне басшылық етеді;

      2) мемлекет атынан заңда белгіленген шекте және нысанда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Республика ратификацияланған халықаралық шарттарға қайшы келетін нормативтік және өзге де құқықтық актілерге наразылық енгізеді, сотта мемлекет мүдделерін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;

      3) Заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің және Бас прокуратура алқасының төрағасы болып табылады;

      4) Бас прокуратураның, ведомстволардың, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралардың алқасын құру туралы шешім қабылдайды;

      5) Бас прокуратура алқасының жұмыс регламентін бекітеді және алқа құрамын айқындайды;

      6) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Бас прокуратураның атынан өкілдік етеді;

      7) тоқсанына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Президенті алдында елдегі заңдылықтың жай-күйі және прокуратура органдары қызметі туралы есеп береді;

      8) Қазақстан Республикасының Президентіне прокуратураның ережесін, құрылымын және жалпы штат санын бекіту туралы ұсыныстар енгізеді;

      9) Қазақстан Республикасының Президентіне Бас Прокурордың бірінші орынбасарын, орынбасарларын, прокуратура ведомствосы мен білім беру ұйымының басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныс енгізеді;

      10) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      11) Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне прокуратура органдарын ұйымдастырушылық-штаттық, кадрлық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      12) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындайды;

      13) Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiне және Республика ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетiн нормативтiк және өзге де құқықтық актiлерге және мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіреді;

      14) Бас прокуратураның лауазымды адамдарының ұйымдастыру, кадрлық, қаржылық, шаруашылық мәселелерін шешудегі өкілеттіктерін айқындайды. Мұндай шешімдер заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті лауазымды адамдардың бұйрықтарымен ресімделуі мүмкін;

      15) Бас Прокурордың заңнамалық актілерде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде тікелей көзделген өкілеттіктерін қоспағанда, прокуратура органдары жүйесінде өз өкілеттіктерін беретін лауазымды адамдарды айқындайды;

      16) прокуратура органдарының, ведомстволарының, мекемелері мен білім беру ұйымдарының барлық қызметкерлері мен жұмыскерлерінің орындауы үшін міндетті актілер шығарады, прокуратура органдары жүйесінде қабылданған актілердің күшін жояды;

      17) өз құзыреті шегінде:

      қылмыстық-процестік заңнама, жедел-iздестiру қызметі туралы заңнама нормаларын қолдану мәселелерi бойынша;

      құқықтық статистиканың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша;

      құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінде мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, оларды пайдалану, сақтау, қорғау және жою мәселелері бойынша;

      прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібін айқындайтын;

      прокуратураның білім беру ұйымына оқуға қабылдау тәртібін айқындайтын;

      құқық қорғау қызметі саласындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингтеу тәртібін айқындайтын;

      прокуратура органына бірінші рет кіріп жатқан адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастырудың тәртібі мен мерзімін айқындайтын;

      прокуратура органдары жүйесінің жеке құрамымен тәрбиелік, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындайтын;

      прокуратура органдары жүйесінде моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтану мониторингін жүргізу тәртібі мен әдістемесін айқындайтын;

      прокуратура органдары жүйесі қызметкерлеріне қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстемеақылар, сондай-ақ басқа да үстемеақылар, қосымша ақылар белгілеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер;

      заңнамаға сәйкес басқа да нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;

      18) заңда көзделген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келіседі;

      19) прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттарын қозғайтын, мемлекеттік органдардан келіп түсетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі;

      20) Бас Прокурордың және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың қарсы барлау қызметі заңдылығының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру тәртібі туралы бірлескен нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;

      21) наразылық білдіру жөніндегі шешім қабылданғанға дейін наразылық келтірілген құқықтық актінің орындалуын не олардың орындалуы егер адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптарға әкеп соқса не әкеп соғуы мүмкін болса, оның қолданылуын тоқтата тұрады;

      22) Бас прокуратураның регламентін бекітеді;

      23) облыстар, аудандар прокуратураларының, оларға теңестірілген прокуратуралардың, прокуратураның мекемелері мен білім беру ұйымының ережесін (жарғысын) бекітеді;

      24) құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволардың, мекемелердің, білім беру ұйымының, сондай-ақ облыстар прокуратураларының және оған теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының, бас әскери және көлік прокуратураларының), аудандық және оларға теңестірілген қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған прокуратуралардың (әскери, табиғатты қорғау, көлік, арнайы объектілердің прокуратуралары) құрылымы мен штаттарын бекітеді, прокуратураларды, прокуратура органдарының мекемелерiн құрады, қайта құрады және таратады.

      Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволар мен білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс енгізеді;

      25) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен прокуратураның жалпы штат саны шегінде прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің және жұмыскерлерінің штат санын айқындайды;

      26) заңға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, мекемелердің басшыларын, ведомстволар, мекемелер мен білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларын, облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарларын, сондай-ақ аудандардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      27) прокуратура органдары жүйесінің лауазымды адамдарын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату тәртібін белгілейді;

      28) Бас прокуратурадағы еңбек тәртібінің қағидаларын бекітеді;

      29) Бас прокуратурада жұмыс уақытын есепке алу нысаны мен тәртібін айқындайды;

      30) прокуратура органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекітеді;

      31) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары басшы құрамның сыныптық шендерін және жоғары офицерлер құрамының әскери атақтарын беру үшін кандидатуралар ұсынады;

      32) заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарының қызметкерлеріне сыныптық шендер мен әскери атақтар береді;

      33) прокуратура органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады, ведомстволық наградалармен наградтайды;

      34) Прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің санаттары бойынша лауазымдар тізілімінде көрсетілген лауазымдарға теңестірілген прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің үлгілік емес лауазымдарының тізбесін бекітеді;

      35) прокуратура органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымдарында қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды сатып алу, есепке алу, сақтау, алып жүру, беру, тасымалдау тәртібін айқындайды;

      36) заңдылықты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында лауазымды адамдарға, мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға үндеу жасайды;

      37) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңдылығы тұрғысында тексеріс жүргізу туралы төмен тұрған прокурорларға тапсырмалар береді;

      38) Заңға сәйкес төмен тұрған прокурорларға тексеру жүргізу мерзімін ұзартуға келісім береді;

      39) заңдылықтың жай-күйіне, оның ішінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен ресурстарға қол жеткізуді пайдалана отырып, талдау жүргізу тәртібін айқындайды;

      40) прокуратура органдары рәміздерінің сипаттамасын бекітеді;

      41) Бас прокуратураның жанынан консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ прокуратура органдары жүйесінің мәселелері бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылдайды, олардың құрамын, қажет болған жағдайда ережесін және (немесе) міндеттерін айқындайды;

      42) прокуратура органдарында құжаттау және құжаттаманы басқарудың, іс қағаздарын жүргізу мен ұйымдастырудың, архив ісін ұйымдастырудың тәртібін белгілейді;

      43) заңнамаға сәйкес мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу туралы шешім қабылдайды;

      44) Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің әкімшілік ғимараттарындағы өткізу және объектішілік режимдердің тәртібін белгілейді;

      45) прокуратура органдары жүйесінде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды арнайы есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды;

      46) прокуратура органдары жүйесінде атыс даярлығын ұйымдастыру тәртібін айқындайды;

      47) жұмылдыру бөлімшесін құрады не жұмылдыру жұмысы жөніндегі жеке қызметкерді тағайындайды;

      48) Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерінің Конституцияға, заңдарға және Президент актілеріне сәйкестігі тұрғысынан бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;

      49) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бас Прокурор болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Бас Прокурор өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      21. Бас Прокурордың Аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Бас Прокурор Аппаратының басшысы басқарады.

4-тарау. Бас прокуратураның мүлкі

      22. Бас прокуратура заңнамада көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікті иелене алады.

      Бас прокуратураның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Бас прокуратураға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Бас прокуратураның өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Бас прокуратураны қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бас прокуратураны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бас прокуратураның және оның ведомствосының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің – аумақтық органдардың тізбесі

      Бас прокуратура

      1) Абай облысының прокуратурасы;

      2) Ақмола облысының прокуратурасы;

      3) Ақтөбе облысының прокуратурасы;

      4) Алматы облысының прокуратурасы;

      5) Атырау облысының прокуратурасы;

      6) Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы;

      7) Жамбыл облысының прокуратурасы;

      8) Жетісу облысының прокуратурасы;

      9) Қарағанды облысының прокуратурасы;

      10) Қостанай облысының прокуратурасы;

      11) Қызылорда облысының прокуратурасы;

      12) Маңғыстау облысының прокуратурасы;

      13) Павлодар облысының прокуратурасы;

      14) Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы;

      15) Түркістан облысының прокуратурасы;

      16) Ұлытау облысының прокуратурасы;

      17) Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы;

      18) Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы;

      19) Алматы қаласының прокуратурасы;

      20) Шымкент қаласының прокуратурасы;

      21) Бас әскери прокуратура;

      22) Бас көлік прокуратурасы.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi

      1) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Абай облысы бойынша басқармасы;

      2) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Ақмола облысы бойынша басқармасы;

      3) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы;

      4) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Алматы облысы бойынша басқармасы;

      5) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Атырау облысы бойынша басқармасы;

      6) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы;

      7) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Жамбыл облысы бойынша басқармасы;

      8) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Жетісу облысы бойынша басқармасы;

      9) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қарағанды облысы бойынша басқармасы;

      10) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қостанай облысы бойынша басқармасы;

      11) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқармасы;

      12) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы;

      13) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Павлодар облысы бойынша басқармасы;

      14) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы;

      15) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Түркістан облысы бойынша басқармасы;

      16) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Ұлытау облысы бойынша басқармасы;

      17) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы;

      18) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша басқармасы;

      19) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Алматы қаласы бойынша басқармасы;

      20) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Шымкент қаласы бойынша басқармасы;

      21) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Әскери басқармасы;

      22) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Аймақтық көліктік басқармасы.

Бас прокуратураның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы;

      2) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы;

      3) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Шаруашылық басқармасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады