Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қазандағы № 1050 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

      1) Жайлыбай Ғалымға, ақын – "Ай таңбалы арғымақ" өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;

      2) Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер – "Жібек" мюзиклі үшін;

      3) Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына, әнші – "Жүрегім нені сезесің?" концерті үшін;

      4) Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы – "Желқайық" романы үшін;

      5) Сегізбай Кәдірбекке, жазушы – "Тағдыр толқыны" романы үшін;

      6) Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлына, мүсінші – "Үш арыс" мүсіндік композициясы үшін;

      7) Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор – "Тәтті мұң" ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілсін.

      2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады