Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 1058 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2-тармағына, 34-бабы 1-тармағының 1), 7), 8), 11-1) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4, 5-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Судья қызметіне:

Астана қаласы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына

Бекетов Марлен Мәлімгерейұлы;

Ақтөбе облысы бойынша:

Ақтөбе қалалық сотына

Омарова Марал Мырзахметқызы

      тағайындалсын.

      2. Атқаратын қызметінен:

Қостанай облыстық сотының төрағасы

Смолин Анатолнй Сергеевич
орнынан түсуіне байланысты;

Астана қаласы бойынша:

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Қабиденова Дннара Хәкімқызы
басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Әлқожаев Қыдырбек Қорғанбекұлы
қайтыс болуына байланысты;

Алматы қаласы бойынша:

Бостандық ауданы № 2 аудандық сотының судьясы

Сырлыбаев Қанат Қадырұлы
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы
Сот жюриінің шешімі бойынша;

Қызылорда облысы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Бекмәмбетов Ғалымжан Бақытұлы
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттілігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша

      босатылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады