Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
2020 жылғы 18 желтоқсанда жасалған Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 17-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Келісімнің ережелерін орындауға уәкілетті орталық және өзге де мемлекеттік органдардың тізбесі айқындалсын:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі - дербес деректер субъектісінің атына тіркелген жылжымайтын мүлік мәселелері бойынша, дербес деректер субъектісінде бар мүліктік сипаттағы міндеттемелер бойынша;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі - азаматтықтың, тұрақты (уақытша) келуге (тұруға) құқық беретін құжаттардың болуы (болмауы), азаматтарды, үшінші мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды көші-қон есебіне қою немесе тұрғылықты жері (болатын жері) бойынша тіркеу, келуге құқық беретін визалар, жеке басын куәландыратын құжаттар беру мәселелері бойынша;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы - дербес деректер субъектісін қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартуға байланысты мәселелер бойынша.
2. Қазақстан Республикасының Сырқты істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін Келісімнің ережелерін орындауға уәкілетті орталық және өзге де мемлекеттік органдардың тізбесі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |