Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 1068 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 9 қарашадағы
№ 1068 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қайта аталатын республикалық мемлекеттік мекемелердің ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі деп қайта атау.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Нұр-Сұлтан" шекаралық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесін "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Астана" шекаралық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі деп қайта атау.

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласындағы емханасы бар орталық әскери госпиталі" республикалық мемлекеттік мекемесін "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің емханасы бар орталық әскери госпиталі" республикалық мемлекеттік мекемесі деп қайта атау.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 9 қарашадағы
№ 1068 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУ

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 66.";

      15-тармақта:

      171) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "171) ұлттық қауіпсіздік органдарында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;";

      177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "177) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемдері шеңберінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Алмас" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын келісу;";

      188) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "188) қызмет бабында пайдалану үшін;";

      мынадай мазмұндағы 313-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "313-1) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде, (арыздарында, шағымдарында), сұрау салуларында, ұсыныстарында, үнқатуларында және хабарламаларында көтерілген жүйелі проблемаларды талдау, мониторингілеу және айқындау;";

      326) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "326) қызмет бабында пайдалану үшін;";

      351) тармақша алып тасталсын;

      "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің – аумақтық органдардың тізбесі" деген бөлімде:

      "Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген кіші бөлімде реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.";

      "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" деген кіші бөлімде реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Астана" шекаралық бақылау басқармасы.";

      "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі" деген бөлімде:

      "Ұлттық қауіпсіздік комитеті" кіші бөлімде реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің емханасы бар орталық әскери госпиталі.".

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаның орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Желтоқсан көшесі, 48.";

      "Шекара қызметінің қарамағындағы аумақтық бөлiмшелердің тізбесі" деген бөлімінің реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Астана" шекаралық бақылау басқармасы.".

      3. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 954 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 49.".

      4. Құпия.

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Сыртқы барлау қызметі туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаның орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.".

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметі туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Жанайдар Жирентаев көшесі, 1/1.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады