Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мәртебесін жоғарылату мақсатында "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10 және 33-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Ұлттық ғылым академиясы) етіп қайта өзгертсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Ұлттық ғылым академиясының президенті Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады деп белгіленсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |