"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 166 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) квазимемлекеттік сектор субъектісінде әдіснамалық қолдау, оқыту іс-шараларын жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпарат алмасу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын үйлестіру;";

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғау және көтермелеу;";

      мынадай мазмұндағы 44-19), 44-20), 44-21), 44-22) және 44-23) тармақшалармен толықтырылсын:

      "44-19) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;

      44-20) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу тәртібін және оның нысанын әзірлеу және бекіту;

      44-21) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін әзірлеу және бекіту;

      44-22) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне сыныптық біліктілік беру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      44-23) шығыстарының кірістеріне сәйкес келмейтіні анықталған, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарды, оларға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды, жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдарды жұмыстан шығаруға немесе атқарып жүрген лауазымынан босатуға, сол сияқты өкілеттіктерін тоқтатуға құқығы бар мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) лауазымды адамдарын аталған адамдарды жұмыстан шығару немесе атқарып жүрген лауазымынан босату, сол сияқты олардың өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабардар ету;".

      2. Осы Жарлық 2027 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он үшінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады