"Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді шығару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 1012 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 237 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді шығару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 1012 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған қоймалық куәліктерді шығару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы келісімнің жобасында:

      1-баптың төртінші абзацына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      4-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Қоймалық куәліктер бойынша құқықтарды есепке алу мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырылуы мүмкін.";

      11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап

      Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелеріне сәйкес шешіледі.";

      14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап

      Осы Келісім мүше мемлекеттердің осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді, бірақ 2026 жылғы 1 маусымнан ерте болмайды.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады