1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңестің құрамында:
"Кеңес мүшелері:" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі";
"Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |