"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 266 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережеде:

      14-тармақта:

      1) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, алғашқы, әкімшілік және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;";

      2) тармақша мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау.";

      15-тармақта:

      23), 27), 33), 35), 37), 38), 39), 55) және 56) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастыру және жүргізу, соның ішінде бағаларды тіркеу;";

      "27) мынадай статистикалық тіркелімдерді жүргізу:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері туралы ақпаратты қамтитын статистикалық бизнес-тіркелім;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ одан тыс жерлерде уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы ақпаратты қамтитын халықтың статистикалық тіркелімі;

      3) Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін субъектілер жөнінде ақпаратты қамтитын ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімі;

      4) Қазақстан Республикасының барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлері туралы ақпаратты қамтитын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі;";

      "33) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жасау процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      "35) ведомстволық сыныптамаларды жүргізудің үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      "37) статистикалық байқаулар жүргізу кезінде бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;

      38) ғылыми әдістер мен тәсілдер, оның ішінде әдістемелер негізінде жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы әзірлеу және бекіту;

      39) бағаларды тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      "55) ұлттық санақтар жүргізу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      56) ұлттық санақ жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту;";

      67) және 68) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 82-1), 82-2), 82-3) және 82-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "82-1) статистикалық қызметте пайдалану үшін оңтайлы дереккөзді таңдау мақсатында статистикалық байқаулар деректерін басқа деректермен салыстыруды жүргізу;

      82-2) әкімшілік деректердің сапасын бағалау тәртібін бекіту;

      82-3) Агенттікке цифрлық трансформациялауды жүргізу;

      82-4) мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес Агенттіктің қызметіне функционалдық талдау жүргізу;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады