Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 384 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 20 қазандағы
№ 384 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ережеде:

      8-тармақта "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат саласындағы жұмысты үйлестіретін орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      мына жолдар:

"Бәшімов Марат Советұлы

заң ғылымдарының докторы, профессор, төраға (келісім бойынша)",

"Лукин Андрей Иванович

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)"

      тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Бәшімов Марат Советұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)",

"Лукин Андрей Иванович

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)";

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат саласындағы жұмысты үйлестіретін орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ережеде:

      8-тармақта "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамында:

      мына жолдар:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – төрағаның орынбасары",

      "Лукин Андрей Иванович – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)"

      тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі – төрағаның орынбасары",

      "Лукин Андрей Иванович – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)".

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкімінде:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      мына жолдар:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат жөніндегі орынбасары, Кеңес төрағасы",

      "Ақылбай Серік Байсейітұлы – "Қазақстанның заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)"

      тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Кеңес төрағасы",

      "Ақылбай Серік Байсейітұлы – "Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы (келісім бойынша)".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады