Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 390 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық-саяси қызметтегі аса үздік еңбегі үшін:

      жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:

      Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы – мемлекет және қоғам қайраткері, Астана қаласы.

      2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:

      жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын:

      Шүкежанова Алма Сайдахметқызы – "№ 7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицей" КММ мұғалімі, Семей қаласы.

      3. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін:

      жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын:

      Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы – "Таң ЛТД" ЖШС директоры, Қызылорда облысы.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады