ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 нау рыздағы № 826 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жыл сайын 15 қаңтарға дейін:
жылына бір рет әр ауданда және облыстық маңызы бар қалада облыс әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін;
жылына бір рет қаланың әр ауданында республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін;
жарты жылда бір рет әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада аудан әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін;
жарты жылда бір рет әр ауданда (шағын ауданда), ауылда, қаланың, ауылдық округтің құрамына кіретін кентте облыстық және аудандық маңызы бар кала, ауылдық округ әкімінің кемінде бір көшпелі кездесуін;
жарты жылда бір рет ауыл, кент. қаладағы аудан әкімінің кемінде бір кездесуін өткізу көзделген әкімдердің халықпен кездесуінің икемді жылдық күнтізбесін (бұдан әрі - күнтізбе) әзірлеп, оны мәслихатты хабардар ете отырып бекітіп отырсын.
Қажет болған жағдайда мәслихатты кейіннен хабардар ете отырып, күнтізбені түзетуге жол беріледі;".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |