Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 407 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде:

      16-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен:

      Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Қазақстан Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге қарыздар, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыздар беру мәселелері бойынша;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асыратын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауды және қадағалауды Қазақстан Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкі бюджетінің (шығыстар сметасының) қаражаты есебінен ақпараттық жүйелер құру арқылы автоматтандыру, оларды дамыту және сүйемелдеу мәселелері бойынша;

      Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктері шеңберінде, оның ішінде ақпараттық жүйелерге өзара қол жеткізу жолымен ақпарат алмасу арқылы өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;";

      2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ережеде:

      14-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 78-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "78-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды жүргізу тәртібін бақылауды жүзеге асыру;";

      235) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "235) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен:

      Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге қарыздар, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыздар беру, сондай-ақ банк олар бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, оларды қайта құрылымдау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын қанағаттандыру мәселелері бойынша;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінің (шығыстар сметасының) қаражаты есебінен ақпараттық жүйелер құру арқылы автоматтандыру, оларды дамыту және сүйемелдеу мәселелері бойынша;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Агенттіктің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктері шеңберінде, оның ішінде ақпараттық жүйелерге өзара қол жеткізу жолымен ақпарат алмасу арқылы өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;".

      2. Осы Жарлық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұл ретте осы Жарлықтың 1-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы және 1-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады