"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 6 мамырдағы № 541 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ережеде:

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның қызметін, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.";

      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломдары мен төсбелгілерін дайындауға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.";

      12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі:";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Президенті Комиссия құрамын бекітеді, ол әдебиет және өнер саласындағы мәдениет қайраткерлері қатарынан, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдерінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Комиссияны басқарады.

      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Комиссияның шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен:

      1) алдын ала іріктеу кезінде ашық дауыс беру;

      2) түпкілікті іріктеу кезінде жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.

      Комиссияның құрылымдық бөлінуіне сәйкес Комиссияның құрамындағы мәдениет қайраткерлері әдебиет немесе өнер салалары бойынша дауыс беруге қатысады.

      Мемлекеттік органдардың өкілдері әрбір сала бойынша дауыс беруге қатысады және дауыс беру кезінде әрбір сала бойынша бір дауыстан бере алады.

      Егер жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша біреуден көп жұмыс бірдей дауыс санын алатын болса, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.";

      11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды алдын ала және түпкілікті іріктеуді жүргізеді.

      Комиссияның құрылымдық бөлінуіне сәйкес Комиссияның құрамындағы мәдениет қайраткерлері әдебиет немесе өнер салалары бойынша, ал мемлекеттік органдардың өкілдері әрбір сала бойынша жұмыстарды алдын ала іріктеуді жүргізеді;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 6 мамырдағы
№ 541 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығына
4-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі, хатшы

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Ақшолақов
Серік Қуандықұлы

- медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек Ері, "Парасат" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Ахмедов
Дәулет Шафуғұллаұлы

- техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі

Дулатбеков
Нұрлан Орынбасарұлы

- заң ғылымдарының докторы, профессор, II дәрежелі "Достық" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша)

Қабылдинов
Зиябек Ермұханұлы

- тарих      ғылымдарының докторы, профессор, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

Қамзабекұлы Дихан

- әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, IIІ дәрежелі "Барыс", "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)

Медеу
Ахметқал Рахметоллаұлы

- география ғылымдарының докторы, профессор, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "География институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Сарбасов
Дос Жұрмаханбетұлы

- "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы "National Laboratory Astana" жекеше мекемесінің бас директоры

Сұраған
Дурвудхан

- "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры, математика саласындағы PhD доктор (келісім бойынша)

Сыдықов
Ерлан Батташұлы

- тарих ғылымдарының докторы, II және III дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры - басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Таймағамбетов
Жәкен Қожахметұлы

- археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, "Парасат" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 6 мамырдағы
№ 541 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығына
5-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы
мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

әдебиет саласы

Ананьева
Светлана Викторовна

- әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының кандидаты, "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталған, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бөлім меңгерушісі (келісім бойынша)

Асқар
Әлібек

- жазушы, II дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Әбдірахманов
Сауытбек Әбдірахманұлы

- әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының докторы, I дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Әбдікұлы
Төлен

- жазушы, I дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Әлтай
Аманжол Дүйсенбайұлы

- айтыскер, филология ғылымдарының докторы, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Әшімжанов
Жанарбек Садықанұлы

- ақын, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Жайлыбай
Ғалым

- ақын, "Құрмет" орденінің иегері, "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Қамзабекұлы Дихан

- әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, III дәрежелі "Барыс", "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)

Қуатов
Дәурен Қасенұлы

- жазушы, "Құрмет" орденінің иегері, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы (келісім бойынша)

Құлкенов Мереке

- жазушы, I дәрежелі "Барыс", "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, "Қазақстан Жазушылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Матыжанов
Кенжехан Ісләмжанұлы

- әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының докторы, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

Медетбек
Темірхан

- ақын,      "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Нұрмағанбетов
Тынымбай Нұрмағанбетұлы

- жазушы, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Сыдықов
Ерлан Батташұлы

- тарих ғылымдарының докторы, II және III дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры - басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Шашкова
Любовь Константиновна

- ақын, аудармашы, "Құрмет" орденінің иегері, "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, "Простор" журналы редакторының орынбасары (келісім бойынша)

өнер саласы

Ақанаев
Амандос

- суретші, "Отан" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық сыншылар және өнертанушылар қауымдастығының мүшесі (келісім бойынша)

Алматов
Алмасбек Нұрмаханұлы

- жырау, профессор, "Парасат" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)

Ахмадиев
Мурат Абдуреимович

- әнші, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстанның халық әртісі (келісім бойынша)

Ахмедьяров
Ғалым Алғиұлы

- күйші, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген кайраткері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының директоры (келісім бойынша)

Әлпиев
Төлеубек Нығметұлы

- режиссер, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Әшімов
Асанәлі

- театр мен кино актері және режиссері, Қазақстанның Еңбек Ері, "Отан" және I дәрежелі "Достық" ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Батурина
Ольга Владимировна

- өнертанушы, "Құрмет" орденінің иегері, "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталған, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің профессоры (келісім бойынша)

Дүзелханов
Ағымсалы Дүзелханұлы

- суретші, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Ералиев Тоқтар

- сәулетші, II және III дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі (келісім бойынша)

Ерғалиева
Райхан Әбдешқызы

- өнертану докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі (келісім бойынша)

Жұмағалиев
Мүслім Садықұлы

- суретші-дизайнер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің сән және костюм дизайны кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша)

Көпбасарова
Айнұр Сайлаубайқызы

- продюсер, "Құрмет" орденінің иегері, "Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)

Мусина
Флюра Борисовна

- театртанушы, балет сыншысы, "Құрмет" орденінің иегері (келісім бойынша)

Мұхамедқызы
Майра

- опера әншісі, "Отан" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Обаев
Есмұхан Несіпбайұлы

- режиссер, I және П дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері, Қазақстанның халық әртісі (келісім бойынша)

Сатыбалды
Азамат

- театр және кино актері, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Қазақфильм" акционерлік қоғамының төрағасы (келісім бойынша)

Тәуекел
Сламбек Тілеуғабылұлы

- кинорежиссер, сценарист, кинопродюсер, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (келісім бойынша)

Төлепбай
Ерболат Тоғысбайұлы

- суретші, "Парасат" орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

Тұтқыбаева
Гүлжан Ұсамбекқызы

- балетмейстер, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның халық әртісі (келісім бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады