ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) құқықтық актілерге оларда бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға әкелетін немесе әкелуі мүмкiн ережелердің болуы тұрғысынан талдау жүргізу;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) конгломераттардың қызметін талдау және мониторингтеу;";
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) конгломераттардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 82-2) тармақшамен толықтырылсын:
"82-2) мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша бастама жасалған экономиканы қолдау, халықтың іскерлік белсенділігі мен жұмыспен қамтылуын ынталандыру үшін дағдарысқа қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру жөніндегі қызметін қоспағанда, мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 83-1) тармақшамен толықтырылсын:
"83-1) конгломераттардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;";
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Бәсекелестіктің дамуын талдамалық зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі.".
2. Осы Жарлық 2024 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |