Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 608 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:
152-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"152-5. Президенттік резервке енгізу үшін кандидаттарды іріктеу әскери қызметшілердің жеке және іскерлік қасиеттерін, олардың қызметтік іс-әрекетінің нәтижелерін зерделеу мен бағалау және аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттар мен тәртіп негізінде ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылып жиналған балл (бұдан әрі – балл) ескеріліп жүргізіледі.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік органның бірінші басшысының:
әскери қызметшінің іскерлік және жеке қасиеттері;
болжанатын лауазымға орналасу үшін көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетіні;
аттестаттау комиссиясының шешімі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің есептері бойынша тексеру нәтижелері;
жиналған баллдары көрсетілген ұсынымы;".
2. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кандидаттың іскерлік және жеке қасиеттері, атқаратын лауазымындағы қызметтік іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері (соңғы үш жылғы серпінде), сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттар мен тәртіп негізінде ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылып жиналған балы көрсетілген тиісті мемлекеттік органның (ведомствоның) бірінші басшысының ұсынымы;".
3. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, азаматтық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары, азаматтық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Президенттік резервке енгізу үшін кандидаттарды іріктеу әскери қызметшілердің жеке және іскерлік қасиеттерін, олардың қызметтік іс-әрекетінің нәтижелерін зерделеу мен бағалау және аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттар мен тәртіп негізінде ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылып жиналған балл (бұдан әрі – балл) ескеріле отырып жүргізіледі*.
* – Президенттік резервке енгізу үшін кандидаттарды іріктеу қызметшілердің жеке және іскерлік қасиеттерін, олардың қызметтік іс-әрекетінің нәтижелерін зерделеу мен бағалау және аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде жүргізілетін арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда.";
10-тармақтың екінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қызметкердің іскерлік және жеке қасиеттері, атқаратын лауазымындағы қызметтік іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері (соңғы үш жылғы серпінде), сондай-ақ жиналған балы*;
* – жиналған балды көрсету қажеттілігі туралы талап арнаулы мемлекеттік органдарға қолданылмайды.".
4. Қызмет бабында пайдалану үшін.
____________________________