"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережеде:

      13-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіруге бағытталған жүйелі (құрылымдық және институционалдық) реформаларды әзірлеу;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жүйелі (құрылымдық және институционалдық) реформалардың, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберінде іске асырылу барысын мониторингтеу және бағалау;";

      мынадай мазмұндағы 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;

      7) мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;

      8) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру;

      9) әкімшілік деректердің сапасын айқындау.";

      14-тармақта:

      1) тармақшада:

      сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, бастапқы, әкімшілік және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;";

      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардан мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын ресми статистикалық ақпаратты түзу үшін қажетті бастапқы статистикалық және әкімшілік деректерді өтеусіз негізде алу;";

      он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру мақсатында жиналатын бастапқы статистикалық деректерді иесіздендірілген түрде өтеусіз негізде алу;";

      жиырма бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "рұқсаттамалық және объектішілік режимнің белгіленген талаптарын сақтай отырып, әкімшілік дереккөздің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіру;";

      жиырма екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "тексеру нәтижелеріне қоса тіркеу үшін әкімшілік деректерді, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алу және қажет болған кезде оларды қашықтан бақылау жүргізуде пайдалану;";

      жиырма төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізуге деректерді бақылаушыларды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының өзге де мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тарту;";

      жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде аудио-, фото- және бейнетүсiрiлiмді жүзеге асыру;";

      жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "әкімшілік дереккөздің "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-1-бабында көзделген

      міндеттемелерді орындаудан бас тарту фактілерін бейнетүсірілімге тіркеп белгілеу;";

      жиырма алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы жиырма жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "әкімшілік дереккөздерге жатпайтын балама деректердің меншік иелерімен немесе иеленушілерімен балама деректерді ұсыну туралы келісімдер жасасу;";

      2) тармақшада:

      төртінші абзац алып тасталсын;

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "респонденттерді бастапқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсынуға қажетті статистикалық нысандармен және (немесе) бағдарламалық қамтылыммен өтеусіз негізде қамтамасыз ету;";

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ресми статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін әкімшілік деректерді, балама деректерді пайдалану;";

      тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "қағаз жеткізгіштердегі және электрондық түрдегі бастапқы статистикалық деректердің, әкімшілік деректердің және балама деректердің белгіленген мерзімдерде сақталуын қамтамасыз ету;

      статистикалық жұмыстар жоспарын орындау үшін респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін бекіту;

      статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және ресми статистикалық ақпаратты, сондай-ақ ұлттық санақ қорытындылары туралы ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;";

      он екінші және он үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сұрау салуы негізінде иесіздендірілген бастапқы статистикалық деректерді үшінші тұлғаларға берусіз тек статистикалық мақсаттарда пайдалану үшін ұсыну;

      ақпараттық жүйеде техникалық ақаулардың пайда болғаны, сондай-ақ респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және оны техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күніне ауыстыру туралы хабарламаны ресми интернет-ресурста орналастыру;";

      он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңның 12-1-бабында белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте қашықтан бақылау және тексерулер жүргізу;

      тексерулер жүргізу кезеңінде әкімшілік дереккөздің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамау;

      тексерулер жүргізу кезінде әкімшілік дереккөз басшысының немесе басшысы міндетін атқарушы адамның қатысуына, тексерулер нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беруіне кедергі жасамау;

      әкімшілік дереккөзге тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты беру;";

      мынадай мазмұндағы жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "бастапқы статистикалық немесе әкімшілік немесе балама деректерді қамтитын қағаз жеткізгіштерді электрондық жеткізгіштерге міндетті түрде көшіруді қамтамасыз ету;

      ұлттық анықтамалық ақпараттың құрылымын, мазмұнын және олардың өзгерістерін келісу;

      ұлттық тіркелімдерді қалыптастыруды және өзгертуді келісу;

      техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын келісу;

      ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін келісу.";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп қолданылатын дереккөздер және (немесе) Түйінді ұлттық индикаторлар картасы индикаторларының тиісті есеп-қисаптарының әдістемелерін бекіту;

      1-2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және түзету әдістемесін келісу;";

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларын әзірлеу, олардың іске асырылуын мониторингтеу және түзету;

      4) жүйелі (құрылымдық және институционалдық) реформалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберіндегі іске асырылу барысына мониторинг және бағалау жүргізуді ұйымдастыру;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) жүйелі (құрылымдық және институционалдық) реформаларды іске асырудың тиімділігін, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың жұмыс сапасын арттыру бойынша ұсыныстар дайындау;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) ведомствоаралық келіспеушіліктер туындаған жағдайда жүйелі (құрылымдық және институционалдық) реформаларды іске асыруға, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу мен іске асыруға байланысты мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылар беру;";

      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды келісу;";

      18) тармақша алып тасталсын;

      21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) статистикалық жұмыстар жоспары бекітілетін жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ статистикалық қызметті талдау қорытындылары негізінде күнтізбелік үш жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз ету;

      22) статистикалық жұмыстар жоспарын бекіту;";

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) бастапқы статистикалық деректерді және (немесе) алынған әкімшілік деректерді және (немесе) балама деректерді қорыту және талдау, техникалық тапсырмаларды әзірлеу және талдамалық ақпаратты қалыптастыру, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) статистикалық ақпаратты тарату;";

      25) және 26) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "27-1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұлттық тіркелімдер тізбесін келісу;";

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу;";

      мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "40-1) ғылыми әдістер мен тәсілдер негізінде көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін келісу;";

      43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "43) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ресми дереккөздерден алған деректерді мониторингтеу, талдау және салыстыру;";

      47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 53-1) және 53-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "53-1) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін статистикалық ақпаратты өтеулі негізде ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;

      53-2) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін талдамалық ақпаратты өтеулі негізде ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "65) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын бастапқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 65-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "65-1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға ұсынылатын деректер өнімінің меншік иесін немесе иеленушісін деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізу тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "66) үй шаруашылықтарынан олардың кірістері мен шығыстары туралы қажетті бастапқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидаларын бекіту;";

      70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "70) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту және олардың жұмысын ұйымдастыру;";

      75) және 76) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "75) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, дерекқорлары мен олардың платформаларын, статистикалық тіркелімдерін, интернет-ресурстарын қалыптастыруды, сүйемелдеу мен жаңартуды қамтамасыз ету;

      76) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық және талдамалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 82-5) және 82-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "82-5) деректерді басқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, деректерді басқару жөніндегі талаптарды әзірлеу;

      82-6) Заңның 8-бабы 4-тармағына сәйкес құпия болып табылмайтын мәліметтерді ұсыну;";

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады