"Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 743 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын;

      "6-1) ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалардың жобаларын әзірлеу қағидаларын бекітуді;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады