Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 747 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 747 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ереже

ЕРЕЖЕ

      Осы ереже Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттіктерін, сондай-ақ оның мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылының ұйымдастырылу ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу тәртібін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан халқының Ассамблеясы (бұдан әрі – Ассамблея) – заңды тұлға құрмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме болып табылады.

      2. Ассамблея қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ассамблея туралы Заң), Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Ассамблеяның қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.

2-тарау. Ассамблеяның функциялары мен өкілеттіктері

      4. Ассамблея өзіне жүктелген міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ету үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі;

      2) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласында шаралар әзірлеу мен іске асыруға қатысады;

      3) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптамаға қатысады;

      4) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      5) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың Ассамблея сессиялары мен Ассамблея Кеңесінің шешімдерін қарауына бақылауды жүзеге асырады;

      6) өңірлік деңгейдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі;

      7) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және этномәдени бірлестіктерге әдістемелік көмек көрсетеді;

      8) елде және шетелде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін танымал етеді;

      9) этносаралық қатынастар аясында, оның ішінде мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласында мониторингті жүзеге асырады;

      10) этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлейді және практикалық шараларды іске асырады, оларды шешуге қатысады;

      11) шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерінде қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастырады;

      12) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ағартушылық қызметті және баспа қызметін жүзеге асырады;

      13) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарларды, конференцияларды өткізеді, сондай-ақ өзге де іс-шараларды жүзеге асырады;

      14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде қайырымдылық және демеушілік көмек қабылдайды және көрсетеді;

      15) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдеседі;

      16) өз құзыреті шеңберінде және Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

      5. Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяның Төрағасы болып табылады.

      Қазақстан Республикасының Президенті:

      1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;

      2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды;

      3) Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Ассамблея Кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бес депутатын тағайындайды;

      5) Ассамблея Сессиясын шақырады;

      6) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.

      6. Ассамблея Төрағасы Ассамблеяны басқарады және Ассамблея қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның бағдарламалық құжаттарын бекітеді, оның атынан өкілдік етеді.

      7. Ассамблеяның жоғары басқарушы органы Ассамблея мүшелерінен тұратын және Ассамблея туралы Заңда белгіленген тәртіппен шақырылатын Ассамблея сессиясы (бұдан әрі – Сессия) болып табылады.

      8. Сессияның ерекше құқығы:

      1) Ассамблеяның дамуын айқындауда тұжырымдамалық ұстанымдарды әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзу;

      2) Ассамблея мүшелерінің есептерін тыңдау болып табылады.

      9. Егер Ассамблея жұмысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Сессия заңды болып есептеледі.

      10. Сессияның шешімі, егер оған қатысып отырған Ассамблея мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      Дауыс беру тәртібі мен нысанын Сессия айқындайды.

      11. Сессия өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы. Сессия шешімдері республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын Ассамблея үндеуі нысанында ресімделуі мүмкін. Сессия шешімдері мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың міндетті қарауына жатады.

      Сессия жұмысы Сессия шешімімен бекітілетін регламентпен реттеледі.

      12. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Ассамблея туралы Заңға сәйкес құрылатын және Ассамблея Төрағасы немесе Ассамблея Төрағасымен келісім бойынша Төраға орынбасарлары шақыратын Ассамблея Кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) жүзеге асырады.

      13. Кеңестің өкілеттіктеріне:

      1) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын бес кандидат бойынша ұсыныстар енгізу;

      2) Ассамблея мүшелігіне кандидатураларды қарау;

      3) Қазақстан Республикасының Президентіне кезекті Сессияны шақыру және оның күн тәртібі туралы ұсыныстар енгізу;

      4) Ассамблея Аппаратының (Хатшылығының) жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізу;

      5) қоғамдық наградаларды тағайындау және олар туралы ережелерді бекіту;

      6) Сессияның ерекше құзыретіне жатпайтын өзге де шешімдер қабылдау жатады.

      14. Егер Кеңестің жұмысына оның мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып есептеледі.

      15. Кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді және егер отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі оны жақтап дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.

      16. Ассамблея Төрағасының үш орынбасары бар, оның екеуі этномәдени бірлестіктерден тағайындалады.

      Ассамблея Төрағасының этномәдени бірлестіктерден тағайындалатын орынбасарлары алмастыру тәртібімен Кеңестің ұсынымының негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен тағайындалады. Төраға орынбасарларының алмасу кезеңін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      Этномәдени бірлестіктерден тағайындалатын Ассамблея Төрағасы орынбасарларының қызметін қамтамасыз етуді Ассамблеяның жұмыс органы жүзеге асырады.

      17. Ассамблеяның Аппараты (Хатшылығы) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін, қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетін Ассамблеяның жұмыс органы (бұдан әрі – Хатшылық) болып табылады. Хатшылықты бір мезгілде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушісі басқарады.

      Хатшылықтың функциялары:

      1) Төраға мен Кеңестің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, оның ішінде олардың қызметін сараптамалық-талдамалық, ақпараттық және өзге де түрде қолдап отыру;

      2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі жұмысын үйлестіру;

      3) жеке және заңды тұлғалардың жалпымемлекеттік маңызы бар және этносаралық қатынастар саласын қозғайтын өтініштерін қарау;

      4) Ассамблея мен оның құрылымының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

      5) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен және шет елдердің осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге және Ассамблеяға жүктелген міндеттерді іске асыруға бағытталған өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

      Хатшылықтың Қазақстан Республикасы Президентінің этносаралық қатынастар саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктері, сондай-ақ Ассамблеяның өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі актілерінде айқындалады.

      18. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары өз қызметін жүзеге асыру кезінде Ассамблеяның алдында есеп береді және жауапты болады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеяларының құрылу тәртібі мен құқықтық мәртебесі Ассамблея туралы Заңда айқындалады.

      19. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеясының жұмыс органы аппарат (хатшылық) болып табылады.

      20. Ассамблеяның міндеттері мен функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Хатшылық қажет болған жағдайда комиссия, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып құруы мүмкін.

      21. Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін Ғылыми-сарапшылық кеңес құрылады.

      Ғылыми-сарапшылық кеңестің негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасындағы этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессиялық даму үрдісін кешенді сараптамалық бағалау, аталған үдерістердің елдегі және әлемдегі дамуына болжам жасау;

      2) Ассамблея қызметін этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттары бойынша ғылыми сараптамалық сүйемелдеу;

      3) этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;

      4) Ассамблеяның демократияны дамытуда, қазақстандық қоғамның тұтастығын нығайтуда, жалпыұлттық келісімге қол жеткізуде саяси және азаматтық институт ретіндегі рөлін күшейтуге жәрдемдесу болып табылады.

      22. Ғылыми-сарапшылық кеңес төрағадан, оның орынбасарларынан және Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелерінен тұрады.

      Ғылыми-сарапшылық кеңестің төрағасы мен оның орынбасарлары Ғылыми-сарапшылық кеңес отырысында сайланады.

      Ғылыми-сарапшылық кеңестің құрамына келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіре алады.

      Ғылыми-сарапшылық кеңес өз қызметіне, шетелдіктерді қоса алғанда, Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшесі болып табылмайтын сарапшыларды тарта алады.

      23. Ғылыми-сарапшылық кеңес төрағасының, оның орынбасарларының және Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелерінің міндетін атқару қоғамдық негізде жүзеге асырылады.

      24. Ғылыми-сарапшылық кеңес туралы ережені және оның құрамын Ассамблея Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі бекітеді.

      25. Ассамблеяның заңнамалық актілерді және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге, ақпараттық-түсіндіру, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру, сараптамалық, басқа да жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

      26. Ғылыми-сарапшылық кеңестің, комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін үйлестіруді Хатшылық жүзеге асырады.

3-тарау. Ассамблеяның мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастырудың ерекшеліктері

      27. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты, осы салада мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді қарым-қатынасын іске асыруды қамтамасыз ету және этносаралық келісім мен қоғамдағы толеранттылықты одан әрі нығайту үшін Ассамблея мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

      28. Мемлекеттік органдардың Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын және Ассамблея мен оның Кеңесінің шешімдерін орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Ассамблея Төрағасының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының этносаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберіндегі қызметін үйлестіруді Хатшылық жүзеге асырады.

      29. Ассамблеяның Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблея Кеңесінің ұсынысы бойынша тағайындаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды Хатшылық жүзеге асырады.

      30. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктермен, азаматтық қоғамның басқа да институттарымен, шет елдердің осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ұлттық бірлікті нығайту және Қазақстанның мәдени-тілдік әралуандығын, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және этностық топтардың құқықтарын қорғау бойынша өзара іс-қимылын Қазақстан Республикасы заңнамасы шеңберінде Хатшылық қамтамасыз етеді.

4-тарау. Ассамблеяның Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу тәртібі

      31. Қоғамды ұйыстыру, бірлікті қамтамасыз ету және ұлттық-мемлекеттік азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін одан әрі жетілдіру мақсатында, сондай-ақ қызметінің тиімділігін арттыру үшін Ассамблея Қазақстан Республикасының этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ұлттық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысады.

      Хатшылық Ғылыми-сарапшылық кеңесті тарта отырып, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы бағдарламалық құжаттардың жобасын әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады, оларды Кеңесте талқылауға енгізеді, Сессияда қарауды ұйымдастырады, Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне жолдайды.

      32. Ассамблея туралы Заңды іске асыру мақсатында, сондай-ақ орта мерзімді кезеңге арналған тұжырымдамалық ұсынымдар негізінде Ассамблея Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлейді.

      Әзірленген Тұжырымдама Ассамблея Төрағасының қарауына енгізіледі және мақұлданған жағдайда ол бекітеді. Ассамблея Төрағасы Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын бекітеді және оларды іске асыру бойынша тапсырмалар береді.

      Тұжырымдама Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйелерінің құжаттары арқылы іске асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 747 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегi № 149 Жарлығы.

      2. "Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 450 Жарлығы.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 18-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 828 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 495 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.

      6. "Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 626 Жарлығы.

Об утверждении Положения об Ассамблее народа Казахстана

Указ Президента Республики Казахстан от 27 декабря 2024 года № 747.

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 33 Конституционного закона Республики Казахстан "О Президенте Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение об Ассамблее народа Казахстана.

      2. Признать утратившими силу некоторые указы Президента Республики Казахстан согласно приложению к настоящему Указу.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 27 декабря 2024 года № 747

ПОЛОЖЕНИЕ
об Ассамблее народа Казахстана

      Настоящее положение в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан определяет статус и полномочия Ассамблеи народа Казахстана, а также особенности организации ее взаимодействия с государственными органами и общественными объединениями, порядок участия в разработке и реализации государственной политики Республики Казахстан в сфере межэтнических отношений.

Глава 1. Общие положения

      1. Ассамблея народа Казахстана (далее – Ассамблея) является учреждением без образования юридического лица, образуемым Президентом Республики Казахстан, способствующим разработке и реализации государственной политики по обеспечению общественного согласия и общенационального единства.

      2. Деятельность Ассамблеи осуществляется в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "Об Ассамблее народа Казахстана" (далее – Закон об Ассамблее), иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан и настоящим Положением.

      3. Финансирование деятельности Ассамблеи осуществляется в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Функции и полномочия Ассамблеи

      4. Для обеспечения реализации возложенных задач Ассамблея осуществляет следующие функции:

      1) содействует в разработке и реализации государственной политики по обеспечению общественного согласия и общенационального единства;

      2) участвует в разработке и реализации мер в сфере межэтнической толерантности и общественного согласия, развития государственного языка и других языков народа Казахстана;

      3) участвует в общественно-политической экспертизе законопроектов по вопросам государственной политики в сфере общественного согласия и общенационального единства;

      4) взаимодействует с государственными органами, организациями, институтами гражданского общества и международными организациями по укреплению общественного согласия и общенационального единства;

      5) осуществляет контроль за рассмотрением государственными органами и должностными лицами решений сессий Ассамблеи и Совета Ассамблеи;

      6) содействует в разработке и реализации государственной политики по обеспечению общественного согласия и общенационального единства на региональном уровне;

      7) в рамках своей компетенции оказывает методическую помощь государственным органам, организациям и этнокультурным объединениям;

      8) популяризирует казахстанскую модель общественного согласия и общенационального единства в стране и за рубежом;

      9) осуществляет мониторинг сферы межэтнических отношений, в том числе в области применения государственного языка и других языков народа Казахстана;

      10) вырабатывает рекомендации и реализует практические меры по урегулированию разногласий и споров, недопущению конфликтных ситуаций в сфере межэтнических отношений и участвует в их разрешении;

      11) организует работу по оказанию поддержки казахской диаспоре в зарубежных странах в вопросах сохранения и развития родного языка, культуры и национальных традиций, укрепления ее связей с исторической Родиной;

      12) осуществляет просветительскую и издательскую деятельность, направленную на укрепление общественного согласия и общенационального единства;

      13) проводит семинары, конференции, а также осуществляет иные мероприятия, обеспечивающие диалог государственных органов и общественных объединений по вопросам общественного согласия и общенационального единства;

      14) в рамках действующего законодательства Республики Казахстан принимает и оказывает благотворительную и спонсорскую помощь;

      15) содействует в развитии благотворительности, медиации в сфере общественного согласия и общенационального единства;

      16) осуществляет иную деятельность в рамках своей компетенции, не противоречащую законодательству Республики Казахстан.

      5. Президент Республики Казахстан является Председателем Ассамблеи.

      Президент Республики Казахстан:

      1) образует и реорганизует Ассамблею;

      2) определяет направления деятельности Ассамблеи;

      3) назначает и освобождает от должности руководящих должностных лиц Ассамблеи;

      4) по предложению Совета Ассамблеи назначает пять депутатов Сената Парламента Республики Казахстан;

      5) созывает Сессию Ассамблеи;

      6) осуществляет иную деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан.

      6. Председатель Ассамблеи возглавляет Ассамблею и осуществляет общее руководство деятельностью Ассамблеи, утверждает ее программные документы, выступает от ее имени.

      7. Высшим руководящим органом Ассамблеи является Сессия Ассамблеи (далее – Сессия), которая состоит из членов Ассамблеи и созывается в порядке, установленном Законом об Ассамблее.

      8. Исключительным правом Сессии являются:

      1) выработка концептуальных подходов в определении развития Ассамблеи и внесение их на рассмотрение Президента Республики Казахстан;

      2) заслушивание отчетов членов Ассамблеи.

      9. Сессия считается правомочной, если в ее работе принимает участие не менее двух третей от общего числа членов Ассамблеи.

      10. Решение Сессии считается принятым, если за него проголосовало более половины присутствующих членов Ассамблеи.

      Порядок и форму голосования определяет Сессия.

      11. Сессия вправе принимать решения по вопросам, относящимся к ее компетенции. Решения Сессии могут оформляться в форме обращения Ассамблеи, которое публикуется в республиканских средствах массовой информации. Решения Сессии подлежат обязательному рассмотрению государственными органами и должностными лицами.

      Работа Сессии регулируется регламентом, утверждаемым решением Сессии.

      12. В период между сессиями руководство Ассамблеей осуществляет Совет Ассамблеи (далее – Совет), который создается в соответствии с Законом об Ассамблее и созывается Председателем Ассамблеи или заместителями Председателя по согласованию с Председателем Ассамблеи.

      13. К полномочиям Совета относятся:

      1) внесение предложений по пяти кандидатам в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан, назначаемые Президентом Республики Казахстан;

      2) рассмотрение кандидатур в члены Ассамблеи;

      3) внесение предложений Президенту Республики Казахстан о созыве и повестке дня очередной Сессии;

      4) внесение предложений в план работы Аппарата (Секретариата) Ассамблеи;

      5) учреждение общественных наград и утверждение положений о них;

      6) принятие иных решений, не относящихся к исключительной компетенции Сессии.

      14. Совет считается правомочным, если в его работе принимает участие не менее двух третей от общего числа его членов.

      15. Решение Совета оформляется протоколом и считается принятым, если за него проголосовало не менее двух третей членов Совета, присутствующих на заседании.

      16. Председатель Ассамблеи имеет трех заместителей, из них два – от этнокультурных объединений.

      Заместители Председателя Ассамблеи от этнокультурных объединений назначаются в порядке ротации на основании рекомендации Совета распоряжением Президента Республики Казахстан. Период ротации заместителей Председателя определяет Президент Республики Казахстан.

      Обеспечение деятельности заместителей Председателя Ассамблеи от этнокультурных объединений осуществляет рабочий орган Ассамблеи.

      17. Аппарат (Секретариат) Ассамблеи (далее – Секретариат) является рабочим органом Ассамблеи, входящим в состав Администрации Президента Республики Казахстан, деятельность которого регламентируется законодательством Республики Казахстан. Секретариат возглавляет заведующий Секретариатом, который одновременно является заместителем Председателя Ассамблеи.

      Функциями Секретариата являются:

      1) организация и обеспечение деятельности Председателя и Совета, в том числе экспертно-аналитическое, информационное и иное сопровождение их деятельности;

      2) координация работы государственных органов, организаций и институтов гражданского общества по укреплению общественного согласия и общенационального единства;

      3) рассмотрение обращений физических и юридических лиц, имеющих общегосударственное значение и затрагивающих сферу межэтнических отношений;

      4) организация взаимодействия Ассамблеи и ее структуры с центральными государственными и местными исполнительными органами;

      5) взаимодействие с государственными органами и организациями, общественными объединениями и аналогичными структурами зарубежных стран, а также международными организациями, направленное на обеспечение устойчивого развития Казахстана и реализацию задач, возложенных на Ассамблею.

      Полномочия Секретариата по обеспечению реализации полномочий Президента Республики Казахстан в сфере межэтнических отношений, а также Ассамблеи определяются внутренними актами Администрации Президента Республики Казахстан.

      18. Ассамблеи областей, городов республиканского значения, столицы при осуществлении своей деятельности подотчетны и ответственны перед Ассамблеей.

      Порядок формирования и правовой статус ассамблеи областей, городов республиканского значения, столицы определяется Законом об Ассамблее.

      19. Рабочим органом ассамблеи областей, городов республиканского значения, столицы является аппарат (секретариат).

      20. В целях обеспечения реализации задач и функций Ассамблеи в случае необходимости Секретариатом могут быть созданы комиссии, в том числе совместно с другими государственными органами и организациями.

      21. Для научного сопровождения деятельности Ассамблеи формируется Научно-экспертный совет.

      Основными задачами Научно-экспертного совета являются:

      1) комплексная экспертная оценка тенденций этнополитического, социально-экономического и конфессионального развития в Республике Казахстан, прогнозирование развития данных процессов в стране и мире;

      2) научно-экспертное сопровождение деятельности Ассамблеи по актуальным направлениям государственной политики в сфере межэтнических и межконфессиональных отношений;

      3) координация научно-исследовательских работ в сфере межэтнических и межконфессиональных отношений;

      4) содействие усилению роли Ассамблеи как политического и гражданского института в развитии демократии, укреплении целостности казахстанского общества, достижении общенационального согласия.

      22. Научно-экспертный совет состоит из председателя, его заместителей и членов Научно-экспертного совета.

      Председатель Научно-экспертного совета и его заместители избираются на заседании Научно-экспертного совета.

      В состав Научно-экспертного совета могут входить по согласованию депутаты Парламента Республики Казахстан, представители этнокультурных объединений, научных и образовательных организаций, а также ученые, независимые эксперты и специалисты.

      Научно-экспертный совет может привлекать к своей деятельности экспертов, не являющихся членами Научно-экспертного совета, включая зарубежных.

      23. Исполнение обязанностей председателя, его заместителей и членов Научно-экспертного совета осуществляется на общественных началах.

      24. Положение о Научно-экспертном совете и его состав утверждаются заместителем Председателя Ассамблеи – заведующим Секретариатом.

      25. В целях обеспечения участия Ассамблеи в разработке законодательных актов и программных документов, информационно-разъяснительных, а также иных мероприятий могут быть созданы информационно-разъяснительные, экспертные и иные рабочие группы.

      26. Координацию деятельности Научно-экспертного совета, комиссий и рабочих групп осуществляет Секретариат.

Глава 3. Особенности организации взаимодействия Ассамблеи с государственными органами и общественными организациями

      27. Для обеспечения реализации государственной политики в области межэтнических отношений, эффективного взаимодействия государственных органов и институтов гражданского общества в этой сфере и дальнейшего укрепления межэтнического согласия и толерантности в обществе Ассамблея взаимодействует с государственными органами.

      28. Координацию деятельности государственных органов в рамках реализации программных документов Ассамблеи и планов мероприятий по выполнению решений Ассамблеи и ее Совета, поручений Президента Республики Казахстан, Председателя Ассамблеи, руководства Администрации Президента Республики Казахстан по вопросам межэтнических отношений, укрепления общественного согласия и общенационального единства осуществляет Секретариат.

      29. Организация взаимодействия Ассамблеи с депутатами Сената Парламента Республики Казахстан, назначенными Президентом Республики Казахстан по предложению Совета Ассамблеи, осуществляется Секретариатом.

      30. Взаимодействие Ассамблеи с этнокультурными общественными объединениями, другими институтами гражданского общества, аналогичными структурами зарубежных стран, а также международными организациями по укреплению национального единства и сохранению культурно-языкового многообразия Казахстана, межэтнического и межконфессионального согласия и защиты прав этнических групп обеспечивает Секретариат в рамках законодательства Республики Казахстан.

Глава 4. Порядок участия Ассамблеи в разработке и реализации государственной политики Республики Казахстан в сфере межэтнических отношений

      31. В целях консолидации общества, обеспечения единства и формирования национально-государственной гражданской идентичности, дальнейшего совершенствования казахстанской модели толерантности и общественного согласия, а также для повышения эффективности деятельности Ассамблея участвует в разработке и реализации государственной политики Республики Казахстан в сфере межэтнических и межконфессиональных отношений.

      Секретариат разрабатывает или участвует в разработке проектов программных документов в сфере межэтнических и межконфессиональных отношений с привлечением Научно-экспертного совета, вносит их для обсуждения на Совет, организует их рассмотрение Сессией, направляет на утверждение Президенту Республики Казахстан.

      32. В целях реализации Закона об Ассамблее, а также на основе выработанных концептуальных подходов на среднесрочную перспективу Ассамблея разрабатывает Концепцию развития Ассамблеи народа Казахстана (далее – Концепция).

      Разработанная Концепция вносится на рассмотрение Председателя Ассамблеи и в случае ее одобрения утверждается им. Председатель Ассамблеи утверждает программные документы Ассамблеи и дает поручения по их реализации.

      Концепция реализуется через документы Системы государственного планирования в Республике Казахстан.

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Указу Президента
Республики Казахстан
от 27 декабря 2024 года № 747

Перечень утративших силу некоторых указов Президента Республики Казахстан

      1. Указ Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 149 "О Положении об Ассамблее народа Казахстана".

      2. Указ Президента Республики Казахстан от 21 декабря 2012 года № 450 "О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 149 "О Положении об Ассамблее народа Казахстана".

      3. Пункт 18 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые акты Президента Республики Казахстан, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 5 мая 2017 года № 471 "О внесении изменений и дополнений в некоторые акты Президента Республики Казахстан".

      4. Пункт 2 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые указы Президента Республики Казахстан, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 24 января 2019 года № 828 "О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан".

      5. Пункт 6 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые акты Президента Республики Казахстан, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 18 января 2021 года № 495 "О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых указов Президента Республики Казахстан".

      6. Указ Президента Республики Казахстан от 21 июля 2021 года № 626 "О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 149 "О Положении об Ассамблее народа Казахстана".