Қазақ ССР Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы Президентінің Жарлығы 1991 жылғы 11 қыркүйек N 442. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Жер ресурстарын басқару саласында бiртұтас мемлекеттiк саясат жүргiзу және жер реформасы бойынша жұмыстарды тiкелей орындауды ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ "Қазақ ССР-iндегi жер реформасы туралы" Қазақ ССР-iнiң 1991 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес: 
      1. Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi мен халық депутаттарының облыстық Кеңестерi атқару комитеттерiнiң жерге орналастыру қызметiнiң негiзiнде Қазақ ССР Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi құрылсын.
      2. Қазақ ССР Министрлер Кабинетi осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын. 

       Қазақ Советтiк Социалистiк
      Республикасының Президентi 

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады