Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қорғаныс комитетiнiң республика территориясында әскери қызметтi өткеру тәртiбiн анықтаудағы өкiлеттiгi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 7 ақпан 1992 ж. N 604. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы территориясында әскери қызметтi өткеру тәртiбiн анықтау мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қорғаныс комитетiне 10040 әскери бөлiмнiң командирiмен бiрлесе отырып, территорияларында қызмет өткерiп жүрген мемлекеттерге ант қабылдаудан бас тартқан және осы себеппен өздерiнiң әскери бөлiмдерiн тастап кеткен мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi - Қазақстан Республикасының азаматтарына бұдан былай республиканың территориясындағы әскери бөлiмдерде қызметiн өткерту және орналастыру мәселесiн шешу хұқы берiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан әскерлерде, әскери-құрылыс бөлiмдерiнде, мекемелерде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Қарулы Күштерi қатарында 1,5 жылдан астам қызмет өткерген, жекелеген достастық мемлекеттерiне ант қабылдаудан бас тартқан және сол себеппен өздерiнiң әскери бөлiмдерiн тастап кеткен мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер - Қазақстан Республикасының азаматтары осыған қосылған есепке сәйкес запасқа шығарылсын. 
     Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қорғаныс комитетiнiң 
Төрағасы бұдан былай осы тармақта аталған әскери қызметшiлер категориясын мiндеттi әскери қызметтен запасқа шығару мәселелерiн өздiгiнен шешетiн болсын.
     3. Осы Жарлық қол қойылған кезiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Президентi

Қазақстан Республикасы      
Президентiнiң           
1992 жылғы 7 ақпандағы      
N 604 Жарлығына         
Қосымша               

             Тәуелсiз мемлекеттердiң территориясынан келген,
            запасқа шығарылатын мерзiмдi қызметтегi әскери
          қызметшiлердiң - қазақстандықтардың (әскери-құрылыс 
           бөлiмдерiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлер)
                               есебi
                             (Кесте)

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады