"Қазақстан Республикасының аумағында КСРО Мембанкі мен Ресей банкінің 1961 – 1992 жылдардың үлгісіндегі қазынашылық және банк билеттерінің айналысын аяқтау және оларды ұлттық валютаға айырбастау мерзімдері туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы № 1400 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валюта – теңгенің айналымға енгізілуіне байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      І. КСРО Мембанкісі мен Ресей банкісінің 1961 – 1992 жылдардың үлгісіндегі қазынашылық және банк билеттерін теңгеге айырбастау 1993 жылғы 20 қарашадағы сағат 18.00-ге дейін /жергілікті уақыт/ аяқталсын.

      1993 жылғы 15 қарашада сағат 08.00-ден бастап /жергілікті уақыт/ Қазақстан Республикасы аумағындағы КСРО Мембанкі мен Ресей банкінің 1961 – 1992 жылдардың үлгісіндегі бағалылығы 1000, 5000 және 10 000 сомдық қазынашылық және банк билеттерінің айналысына тыйым салынсын.

      1993 жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап /жергілікті уақыт/ Қазақстан Республикасының аумағында КСРО Мембанкі мен Ресей банкінің 1961 – 1992 жылдардың үлгісіндегі бағалылығы І,3,5,10,25,50,100,200 және 500 сомдық қазынашылық және банк билеттерінің айналысына тыйым салынсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы , жергілікті әкімдер және құқық қорғау органдары осы Жарлықтың орындалуын қамтамасыз етсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады