1. Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес Одағының Батырлары мен Даңқ орденiнiң толық иегерлерi тұрып жатқан пайдалы алаңының көлемiне қарамастан, пәтер ақы төлеуден, коммуналдық қызмет көрсетiлгенi, телефонды пайдаланғаны (қалааралық сөйлесуден басқа) үшiн және тұрғын үй қорының түрiне қарамастан, тұрғын жайды күзету жөнiнде көрсетiлген қызмет үшiн төлемнен босатылсын, шығыны жергiлiктi бюджеттiң есебiнен қайтарылатын болсын. <*>
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi аталған адамдарға:
- республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен әрқайсысына 100 мың сом мөлшерiнде бiржолғы ақшалай жәрдемақы төлеудi қамтамасыз етсiн;
- дәрiгер рецептi бойынша тұрған жерiнiң дәрiханаларынан
жергiлiктi бюджет есебiнен дәрiнi тегiн алуға құқық берсiн; <*> Ескерту. 1-шi және 2-шi тармағының күшi 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн тоқтатылған - ҚР Президентiнiң 12.04.1994 ж. N 1652 Жарлығына сәйкес. 3. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес Одағының Батырлары мен Даңқ орденi иегерлерiнiң есiмдерiн қалалардың және басқа да елдi мекендердiң көшелерi мен алаңдарына берудi практикаға айналдырсын және олар тұратын үйлерге бәсiре тақталар орнатсын. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы. 1993 жылғы 5 мамыр N 1194