Қазақстан Республикасының егемен мемлекет ретiнде iшкi және сыртқы саясатының стратегиялық қырларын болжамдау-талдау тұрғысынан қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстанның Менеджмент, экономика және болжамдау институтының Стратегиялық зерттеулер орталығы негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
- жаңадан құрылған институттың жұмыс iстеуi үшiн Қазақстанның Менеджмент, экономика және болжамдау институтының үй-жайларының және материалдық-техникалық базасының бiр бөлiгiн оның балансына беру жөнiндегi мәселелердi бiр ай мерзiмде шешетiн болсын;
- институтты 1993 жылы қаржыландыру мәселелерiн қарап, шешетiн болсын;
- Институт туралы
ереженi
әзiрлеп, бекiтуге ұсынсын;
- осы Жарлықты орындау жөнiнде қажеттi ұйымдастыру шараларын iске асырсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi