"Кен-металлургия кешенiн мемлекеттiк реттеудi жетiлдiру туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 23 маусым N 1287. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.11.23. N 2654 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзат ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру, Қазақстанның экономикалық тәуелсiздiгiн айқындайтын базалық салалардың экономикасын тұрақтандыруда мемлекеттiк реттеушi рөлiн күшейту және кен-металлургия кешенiнде жұмыс iстейтiн нарықтық құрылымдарды қалыптастыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнiң "Алтай-ТМ", "Қазақмыс" мемлекеттiк холдинг компаниялары, "Лениногор полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамы, "Қазвольфрам" өндiрiстiк бiрлестiгi құрамында "Қазболат-холдинг", "Металлургжөндеу-холдинг" мемлекеттiк холдинг компанияларын және "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлiк компаниясын құру туралы ұсынысы қабылдансын. <*>
      "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлiк компаниясының құрамына "Ақсұңқар" холдинг компаниясы кiргiзiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi тиiстi мемлекеттiк холдингтердiң құрамына кiргiзiлетiн кәсiпорындардың тiзбесiн бiр ай мерзiмде бекiтсiн.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне, қажет болған жағдайда, Өнеркәсiп министрлiгi мен "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлiк компаниясының ұсынуы бойынша холдингтердiң құрамына түзетулер енгiзу құқығы берiлсiн.
      Ескерту. 1 тармақтың 1 абзацынан - "ӨТМК-холдинг" деген сөз
               алынып тасталған - ҚР Президентiнiң 02.05.1994 ж.
               N 1687 Жарлығымен.
      2. Түстi және қара металлургияны, алтын өндiру /"Алтын-алмас" Ұлттық акционерлiк компаниясының кәсiпорындары құрамында/, сирек кездесетiн металдар салаларын мемлекеттiк реттеу функциясы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiне жүктелсiн.
      Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнiң құрамында Кен-металлургия кешенi жөнiндегi департамент құрылсын.
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Кен-металлургия кешенi жөнiндегi департамент туралы ереженi белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiм iшiнде бекiтсiн.
      Департаменттiң Бас директоры сонымен бiрге қызметi жөнiнен Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрiнiң орынбасары болады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекеттiк холдинг компанияларына бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың және олардың құрамына кiретiн ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқын берсiн.
      Мемлекеттiк холдинг компанияларының құрамына кiрмеген акционерлiк қоғамдардың, бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқы "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлiк компаниясына берiлсiн.
      Кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерлiк қоғамдар болып қайта құрылуына қарай акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi холдинг компанияларына, холдингтердiң құрамына кiрмеген акционерлiк қоғамдар бойынша акциялардың мемлекеттiк пакеттерi -"Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлiк компаниясына берiледi деп белгiленсiн.
      "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлiк компаниясына оның құрамына кiретiн мемлекеттiк холдинг компанияларының акциялары берiледi.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде құрылтай құжаттарының пакетiн дайындасын.
      5. "Қазақстан түстi металдары","Алтыналмас" Ұлттық

акционерлiк компанияларының және мемлекеттiк холдинг компанияларының
Президенттерiн Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрiнiң 
Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсiп 
ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
бекiтедi.
     Осы Жарлық күшiне жарияланған сәтiнен бастап енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi
   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады