Қазақстан Республикасында азаматтық алудың оңайлатылған тәртібін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 23 желтоқсандағы № 1470 Жарлығы. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.03. № 2477 жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентiнiң 1995.10.03. № 2477жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенiп, әрi Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайлардан басқа кезде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамның басқа мемлекеттiң азаматы болып танылмайтынын ескере отырып, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы Республикаларының арасында қалыптасқан тарихи қатынастарды одан әрi нығайту және Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Отбасылық қатынастарды қалпына келтiру үшiн Қазақстан Республикасының азаматтығына Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жақын туыстары, атап айтқанда:
      балалары (оның iшiнде асырап алған балалары), жұбайы және ата-анасы (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы мен әжесi бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары қабылдануы мүмкiн.
      Аталған адамдар "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы берген өтiнiштерiнiң негiзiнде қабылданады, бұл өтiнiштер берiлген күннен алты айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.
      2. Осы Жарлықтың бiрiншi тармағында көрсетiлмеген адамдар үшiн Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау үшiн заңдарда белгiленген қажеттi он жыл тұрақты тұру мерзiмi бес жылға дейiн кемiтiлсiн.
      3. Өздерiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығына тұрғысы келмейтiнi туралы жергiлiктi iшкi iстер органына жазбаша нысанда өтiнiш бiлдiруге Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы болатын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiм 1995 жылғы 1 наурызға дейiн бiр жылға ұзартылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңдарға тиiстi өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзетiн болсын.
      5. Осы Жарлықтың Заңмен бiрдей күшi бар және ол Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңдарына тиiстi өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн қолданылатын болады.
      6. Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының         
             Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады