Қазақстан Республикасында теңгеге алынған өнiм мен тауарлар экспортына шектеулердi алу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 4 ақпан 1994 ж. N 1543. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттердiң валютасын тарту, теңгенi нығайту, Қазақстан Республикасының төлем балансын жақсарту, сыртқы саудасын кеңейту, сондай-ақ халықаралық қаржы мiндеттемелерiн орындау үшiн жағдайлар туғызу мақсатында қаулы етемiн:
      1. Квота мен лицензия берiлуге тиiс өнiм мен тауарлардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi комиссиясының рұқсаты талап етiлетiн тарихи құндылық болып табылатын мәдени қазынадан, өнер туындылары мен көне мұралардан басқа Қазақстан Республикасында теңгеге алынған өнiм мен тауарларды заңды тұлғалардың әкетуiне шектеулер жойылсын.
      Кәсiпорындар мен тауар өндiрушi ұйымдар белгiленген квоталар шегiнде алыс сырт елдерге, ТМД мен Балтық елдерiне және мемлекет мұқтажы үшiн өнiм беру шарттарын орындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң рұқсаты талап етiлетiн өнiм мен тауарлардан басқа өздерi өндiрген өнiм мен тауарларды республикадан тысқары жерлерге еркiн әкетуге құқықты деп белгiленсiн.
      2. Осы Жарлықтың I тармағында көрсетiлген өнiм мен тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге құқық беретiн негiз жүк жөнелтушi республиканың кеден органдарына табыстайтын белгiленген үлгiдегi кедендiк жүк декларациясы, сондай-ақ өнiм мен тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағында теңгеге сатып алынғанын растайтын банктiк төлем құжаттары және кеден бажын төлегендiгi туралы құжаттар болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, ведомстволары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi осы Жарлықтың I тармағында көрсетiлген өнiм мен тауарлардың экспортын шектеу жөнiнде шешiмдер қабылдауға құқылы емес.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi биылғы 10

ақпанға дейiн осы Жарлықты жүзеге асыруға қажеттi шешiмдер қабылдасын
және бұрын қабылданған нормативтiк актiлердi соған сәйкес келтiрсiн.
     5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының
халқын әлеуметтiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1991 жылғы
12 желтоқсандағы N 537 Жарлығының 6 тармағындағы 1 және 2 
абзацтардың күшi жойылған деп танылсын.
     6. Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi
      Алматы. 1994 жылғы 4 ақпан
             N 1543
  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады