Төлем құралы ретiнде теңгенiң пайдаланылуын ұлғайту жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 4 ақпан N 1544. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      Iшкi валюта нарығында теңгенiң пайдаланылуын ұлғайту, оның өтiмдi болуына алғышарттар жасау және ақша айналымын тұрақтандыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Былай деп белгiленсiн:
      барлық заңды және жеке тұлғалардың оның iшiнде шетелдiк инвесторлардың қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатып алатын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру Қазақстан Республикасының аумағында тек қана теңгемен жүзеге асырылады;
      (Соңғы абзац) <*> .
      Ескерту. 1-тармақтың соңғы абзацының күшi жойылған - ҚР
               Президентiнiң 11.01.1995 ж. N 2021 Жарлығымен.
      2. Меншiк нысандарына қарамастан заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнен лицензиялар ала отырып, валютаны айырбастау пункттерiн ашуына рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi 1994 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде өнiм, тауарлар берiп тұрғаны және көрсетiлген қызмет үшiн кәсiпорындар арасында есеп айырысудың аккредитивтiк нысандарын ұлғайтуға шаралар қолдансын.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр айлық

мерзiмде бұрын қабылданған нормативтiк актiлердi осы Жарлыққа
сәйкестендiрiлсiн және оны жүзеге асыруға бағытталған қажеттi
шешiмдердi қабылдайтын болсын.
     5. Осы Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады